Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мүйізді ірі қара саны артуда

Мүйізді ірі қара саны артуда

“Шаған жер” серіктестігі күріш өндірісінен бөлек ата-кәсіп — мал шаруашылығымен де айналысады. Халықтың негізгі тіршілік көзіне айналған шаруада бүгінде төрт азамат тұрақты жұмыспен қамтылуда.

— Алғаш рет 2020 жылы шаруашылықта мал басы саны нөлдік көрсеткіш болатын. Биыл мал басының жалпы саны 298-ді құрап отыр. Күніне екі мезгіл сауылатын сауынды сиырларымыздан тәулегіне 80 литрден 160 литр сүт өндіреміз. Ал алынған сүттен қатық, айран, құрт өнімдерін шығарып ауылымыздағы сауда дүкен сөресіне қойылады. Осылайша халыққа тиімді бағада ұсынып отырмыз. Былтырғы жылы ет-сүт өнімдерін сататын арнайы дүкен аштық. Бұл да халық игілігі үшін жасалып жатқан үлкен қадамдар. Онан бөлек шаруашылықта 147 бас жылқы оның ішінде 51 бие бар. Пандемия кезінде тұрғындарға тегін саумал ұйымдастырылды. Сонымен қатар өткен жылы 50 қой алынып, биыл 14 қошақанға төлдеп жатыр,- дейді мал шаруашылығының меңгерушісі Ұлтай Смағұлқызы.

16 сәуір 2023 ж. 498 0