Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМУЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМУЫ


2017 жылы облыста шаруашылықтардың барлық санаттарында ешкі, шошқа басынан басқа мал басының өсуі байқалды, делінген облыстық статистика департаментінің есебінде.
  Оның ішінде жылқы, мүйізді ірі қара мал, құс басы барлық аудандарда өссе, түйе малы Жаңақорған ауданында, қой мен ешкі Арал, Жаңақорған аудандарынан басқа барлық аудандарда өсті.
  Негізгі мал мен құс саны жұртшылық шаруашылықтарында шоғырланған. Олардың қолында облыстағы мал басының жалпы санынан ірі қара мал 68,0%, қой 57,5%, ешкі 87,8%, шошқа 85,0%, жылқы 61,4%, түйе 62,7%, құс 79,2% құрады.
  Өткен жылмен салыстырғанда ет өнімі 2,6%-ға, сүттің барлық түрлерін өндіру 1,3%-ға, құстың барлық түрлерінен жұмыртқа өндіру 18,1%-ға жоғары. Жүннің барлық түрлерін өндіру 4,7%-ға азайды.
12 сәуір 2018 ж. 1 396 0