«Жасыл белдеу» жанға сая
Аудан орталығын көркейтіп, туған ауылымызды жайқалған жасыл желекпен көгалдандыру мақсатында көктемгі тал егу, тазалық жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп келеді. Нақтырақ айтсақ, аудан орталығында «жасыл белдеу» қалыптастыру жоспарланған.
Игі мақсатқа негізделген жоспар барысында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Күн жылығалы бері мекеме қызметкерлері мен тұрғындар тұрақты түрде сенбілікке шығып, ауданымыздың дамуына өз үлестерін қосып жүр. Аудан орталығы мен ауылдық округтерде тұрақты түрде қолға алынған игі бастама жалғасын тауып келеді.
Бүгінде кент орталығындағы басты көше саналатын А.Иманов көшесіне «жасыл белдеу» жұмыстарын жүргізу қарқын алды. Осы негізде көше бойына тал егіліп, шарбақтарын жаңалау жұмыстары жүргізілуде. Ағаш егу – бір жағынан сауапты іс. Атқарылып жатқан жұмыстар кейінгі буынға үлгі-өнеге де болып табылады. Аудан жасыл желекке оранса, жанға сая, ауа тазарып әрі туған жеріміз гүлдене түспек.
Айта кетейік, «жасыл белдеу» жұмыстары «Қызылорда-Жалағаш» автожолы бойындағы «Рассойл» АЗС – «Кіші қалған» каналы аралығында, жалпы ұзындығы 750 метр аумаққа жүргізілетін болады.
Тереңөзек кенті әкімдігі