Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде

Көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде

Өздеріңізге белгілі, аудан әкімінің санитарлық тазарту, көркейту-көгалдандыру туралы өкімімен бекітілген іс-шара жоспарында тек қана тазалық шаралары емес, сонымен бірге, ауыл келбетіне сән беретін объектілер айналасына және көшенің келбетіне де аса мән беру туралы айтылған болатын.

Қазіргі таңда Қоғалыкөл ауылында абаттандыру, көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде.

Көктем мен күзгі мезгілдегі Жер-Ананың босаңсыған сәтін асыға күтетін адамзат баласы айналасына тазалық жұмыстарын жүргізіп, түрлі ағаштардың көшеттерін отырғызады. Көгалдандыру жұмыстарына кіріседі.

Міне, «Қоғалыкөл» ЖШС осындай игі істі қолға алып, округтегі негізгі көшелердің бірі С.Майханова көшесіне топаль, ясинь, катальпа көшеттер егіп, су жүйесін тартып көгалдандыру жұмыстарына кірісті.

Округ ішілік жолдардың бойын тазартып, жасыл желекке айналдыру мақсатында түрлі ағаштардың көшеттері отырғызылды. Әрбір көшетті күтіп-баптау жұмыстары тұрғындарға түсіндіріліп, мамандар табиғатты аялауға шақырды.

«Көгалдандыру, тал егіп, оны күтіп-баптау баршамызға ортақ іс болуы тиіс. Өйткені, бүгінгі біздің еккен ағаштарымызды болашақта біздің ұрпағымыз саялайтын болады. Округ тұрғындарын жаппай көшет отырғызып, тазалық жұмыстарын жүргізуге шақырамыз. Тазалық – бірінші кезекте өз денсаулығымызды сақтауға септігін тигізсе, көшет отырғызу – жасыл белдеу қалыптастырудың негізі. Жалпы бұл жұмыстар алдағы апталарда, жалғасын табады.

Қоғалыкөл ауылдық округі әкімдігі
03 сәуір 2023 ж. 551 0