Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘЙТЕКЕ БИ КЕНТІ МЕН ҚАЗАЛЫ ҚАЛАСЫ БІР ЕЛДІ МЕКЕН БОЛЫП ҚОСЫЛАДЫ

ӘЙТЕКЕ БИ КЕНТІ МЕН ҚАЗАЛЫ ҚАЛАСЫ БІР ЕЛДІ МЕКЕН БОЛЫП ҚОСЫЛАДЫ


Жаңа елді мекенді көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары туралы облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен Қазалы ауданында өткен көшпелі мәжілісте талқыланды.
  Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың қаңтар және ақпан айларында Әйтеке би және Қазалы кентін дамыту мәселелері бойынша мәжілістер өткізілді.
  Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев атқарылған жұмыстар мен бұған дейін де өткізілген мәжіліс отырыстарындағы берілген тапсырмалардың орындалуы туралы баяндады.
  "Жасыл белдеу" жасау үшін кент маңынан 41 мың көшет отырғызылып, суаратын арналар жасалды.
  "Қазақстан МЖӘ орталығы" АҚ-мен "Шағала" балалар тынығу лагерінің құрылысын салуға келісімге отырды, бүгінде инвесторлар іздестірілуде. Сонымен қатар, 250 орындық аудандық аурухана, 12 екіқабатты үйлер және өзге де әлеуметтік нысандар құрылысының жобалары әзірленді.
  Сондай-ақ, аудан орталығында Әйтеке би ескерткішінің жобасы әзірленуде. Оған Өзбекстан Республикасындағы Нұрата кентінде жерленген атақты бидің бейітінен әкелінген топырақ салынады. Оны Науаи облысына іс-сапармен барған Қызылорда облысының делегаттары әкелген еді.
  Аудан әкімі шешімін күтіп тұрған бірнеше мәселелердің барын да атап өтті. Ол Қазалы ауданындағы 49 көшені газдандыру, "Ақкиіз" және "№165" каналдарын тазарту, көшелерді жөндеу және т.б.
  Өз кезегінде облыс әкімі басқарма басшыларына құрылыс жұмыстарын қаржыландыру және мәселелердің тез шешімін табуы үшін бірігіп жұмыс жасауларын ал, аудан әкіміне атқарылған жұмыстарды тұрақты түрде бақылауда ұстап, сапасына көңіл бөлуді тапсырды.
05 мамыр 2018 ж. 2 388 0