АНА-ТІРШІЛІК ҰЙТҚЫСЫ
Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №1 филиал кітапханасында Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Ана-тіршілік ұйтқысы» атты жыр сағаты болып өтті. Кешке сала мамандары, мектеп оқушылары қатысты.
Кештің негізгі мақсаты балаларға аналар бейнесін ұлықтау, дәріптеу, ана сөзінің қаншалықты құдыретті екенін ұғындыру болып табылад. Кітапханашы Л.Серікбаева бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымы төл мерекемен құттықтады. Өмір есігін ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылуын төгетін – Ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды, -деді.
Оқушылар аналарға арналып жазылған ақын-жазушылардыңөлеңдерін жатқа айтты. Атап айтсақ жергілікті ақын Мұхтар Сақтаповтың «Анама» атты өлеңінҚұттымұратова Гүлсая, Айдаров Тұраптың «Ана жайлы» өлеңін Маратова Нұрай, Кәдірбек Құныпияұлының «Анама» атты өлеңін Құттымұратова Гүлсая және өз шығармашылығынан Әзірбек Назерке «Ана» атты өлеңін жатқа айтып көпшілік ықыласына бөленді. Сонымен қатар Шәкіратова Аружан мен Жұмабекова Жаншуақ «Ана туралы жыр» әнін шырқады. Кеш соңында кітапханашы «Ана- көктем, ана- жыр» атты кітап көрмесімен көрермендерге таныстырды.
Балтабай ОРДАБЕКОВ