Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 57 газет

02 тамыз 2025 ж.

№ 56 газет

29 шілде 2025 ж.

№ 55 газет

26 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » "Ағаш отырғызу" акциясы

"Ағаш отырғызу" акциясы

Наурыз – жаңару айы. Адамдардың көңілі көрісіп, төс қағыстыру арқылы арқа-жарқа болып жаңарса, Жер-Ананың құшағына тал отырғызылып табиғаттың өзі де осы айда жаңара түседі. "Атадан мал қалғанша тал қалсын" деген қанатты сөзді басшылыққа алған Сырдария аудандық мәдениет және спорт бөлімі мен Сырдария аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен орталық саябақта ардагерлердің қатысуымен көктемгі көшеттер отырғызылды.

Жиналған ардагерлер саябағымыз жайқалып, жаңарып, жасарып тұрсын деген ниетпен ақ батасын берді.

Ардагерлер еккен талдар жасыл желекке айналып, жасыл жапырақтары жас ұрпаққа көлеңке болады. Бұл шараның тәрбиелік маңызы зор деп сенім білдірді.

Сырдария аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы 
Жігер Айекешов  ардагерлерге үлкен алғысын білдіріп, дендеріне саулық тіледі.

Осындай тал егу рәсімдері барлық барлық мәдениет мекемелерінде жалғасын тауып келеді.
16 наурыз 2023 ж. 775 0