Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемнің сыйы әйелдер

Әлемнің сыйы әйелдер

«8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне» орай аудандық мәдениет үйінде «Әлемнің сыйы әйелдер» атты мерекелік кеш өтті.

Мерекелік іс-шарада аудан әкімінің міндетін атқарушы Берік Сарменбаев ауданның әйел-аналарымен нәзікжандыларын көктемнің шұғылалы мерекесімен құттықтады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша «Алтын» және «Күміс» алқа иелері атанған аналарға төсбелгі табыстап, бірқатар әйелдерді облыс, аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттады.

Көктемнің шуақты күніне арналған мерекелік кеш концерттік бағдарламаға ұласты.

Бибісара ЖАНӘЛІ
08 наурыз 2023 ж. 310 0