Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мерекелік құттықтау!

Мерекелік құттықтау!

Ардақты аналар, аяулы арулар!

Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Алаштың ұлтжанды азаматтары, ұлттың да, ұрпақтың да бесігін түзейтін, тілімізді де, дінімізді де ана сүтімен санаға сіңіретін, қазақты тәрбиелейтін қыздарымыз.

Отбасының күнбе-күнгі шаруасын, бала тәрбиесін және қоғамдық жұмыстарды қоса атқара жүріп әйел азаматы біздің қоғамдағы тұрақтылық пен ел бірлігін сақтау мәселесінде шешуші рөл атқарып келеді.

Қымбатты аналар, өміріміздегі сүйіспеншілік, үйлесім мен түсіністік нақ сіздерден нәр алады. Болашаққа деген нық сенімдеріңіз, қажыр-қайраттарыңыз бен шексіз төзімділіктеріңіз үшін сіздерге шын жүректен ризамыз.

Әрқашан сұлу жүздеріңізден шаттық пен күлкі кетпесін! Ең асыл армандарыңыз орындала берсін! Шаңырақтарыңызда татулық, келісім мен игілік салтанат құрсын!

Ізгі ниетпен, аудан әкімінің
міндетін атқарушы
Берік САРМЕНБАЕВ

08 наурыз 2023 ж. 644 0