Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бар құрметке лайықты

Бар құрметке лайықты

Жүректі нұрға, көңілді жырға толтыратын, көктемдей құлпырған арулардың ажарына ажар қосатын шуақты мереке де келіп жетті. Егер көктемнің екінші аты болса, онда ол Әйел-Ана деп аталар еді. Өйткені, адамзатқа əлемнің жарығын сыйлаған ананың, өмірдің шамшырағы болған қыз-келіншектер мен әпке-қарындастарымыздың өмірдегі алатын орны ерекше.

Қоғамымыздың қарыштап алға басуына ла­йықты үлес қосуды мақсат етіп, талмай ізде­ніп, аянбай еңбек етіп келе жатқан нәзік жандылар қауымы барлық құрметке лайықты. Арайлы Азаттықты армандаған ата-бабаларымыздың ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен ұлан-байтақ жерді бізге аманаттауының астарында батырлық, қайсарлық, ержүректік ғана емес, тектілік те жатыр. Қаһарман бабалардың тұла бо­йына ананың ақ сүтімен дарыған сол текті­лік – біздің қасиетіміз бен киеміз. Сондықтан хал­­қымызда ең қастерлі ұғымдар Ана атауымен байланысты.

Сыр өңірі елімізге белгілі абзал аналарға кенде емес және олардың бүгінгі ізбасарлары да үлгілі. Бір ғана Сырдария ауданында есімі елге белгілі, ел-халық түгел қадірлейтін, құр­мет­­тейтін ардақты жандар көп. Олардың қа­тарында Күләнда Әбдіраманова, Балдырған Мұстафаева, Күлжан Әуезова, Алтынай Адаева, Күләш Әсімова, Балапан Арзымбетова, Рабиға Іздіқұлова, Айша Меңлібаева, Нәзира Сисенова, Баһаркүл Қордабаева, Дәрікүл Садықова, Бексұлу Синаева, Сәуле Өмірзақова, Райкүл Жалғасбаева, Рысты Өкшебаева, Бисенкүл Сәриева, Баян Құтыбаева, Дина Айсина, Алмагүл Божанова, Алма Бақтиярова, Ұлмекен Жаналие­ва, Злиха Сыздықова, Шырынкүл Әбитова, Сәрсенкүл Тәнкенова, Алма Қашақбаева, Әлия Төлеуова, Анар Ізбасарова, Манат Есенбаева, Күлбарам Әбіловалардың есімін ерекше атауға болады. Ғибратты ғұмыр иелері – бір отбасының ғана емес, бүтін бір әулеттің шамшырағы. Ерле­рі аттан, қазаны оттан түспеген белгілі отба­сылардың берекесін кіргізген әйел-аналардың барлығы бүгінде «Ел анасы» деген құрметті ат­­қа лайықты.

Бүгінде қыз-келіншектер ел дамуының бар­лық саласында еңбек етуде. Министр, әкім, се­натор, мәжілісмен, қала берді басқарма, бө­лім, мекеме басшысы секілді лауазымды қыз­меттерді нәзік жандылар еңсерді. Аудандағы мемлекеттік мекемелерде де көптеген әйел-ана­лар басшылық лауазымда еңбек етуде. Мем­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­лекеттік қызметшілердің қатарында да қыз-ке­ліншектердің алатын орны ерекше. Бұл – мем­­­­­­­­­­­­­­­лекетіміздің нәзік жандыларға деген қолдауы мен қамқорлығы.

Жалпы, халықаралық əйелдер күні – шуақты көктемнің ғана емес, нəзік махаббаттың жəне ырыс пен ынты-мақтың мерекесі. Себебі отба­сының ұйытқысы, дəстүрдің сақтаушысы, ұрпақ тəрбиесінің, адамгершіліктің қайнар көзі əйел-ана гүлдей жайнап, адам өмірін сəн-салтанатқа толтырады, əлемге жылылық, мейірім, татулық нұрын шашады. Алтын құрсақты аналарды ел келешегінің рухани сақшысы десе де болады.

Көктем мерекесінде егемен еліміздің бірлігі мен ынтымағын нығайту жолындағы қажырлы ең­бегі үшін барша нәзік жанды арулар қауымы­на шексіз алғысымызды білдіреміз. Мерекелеріңіз құтты болсын, әлемге әр, жүрекке нәр берген аяулы әз арулар!

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ
07 наурыз 2023 ж. 364 0