Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » "Мерген ару – 2023" әскери-патриоттық сайысы өтті

"Мерген ару – 2023" әскери-патриоттық сайысы өтті

8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі күніне орай Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен №42 Қ.Баймағанбетов атындағы мектеп-лицей базасында әскери-қолданбалы спорт түрлерінен "Мерген ару-2023" аудандық сайысы өткізілді.

Аудандық сайыс 9-11 сынып оқушылары қыздар арасында, 70-тен астам оқушы қатысты.

Әскери-патроттық сайысты білім бөлімі әдіскері С. Үсенов ,№42 Қ.Баймағанбетов атындағы мектеп-лицейі директорының бейінді істер жөніндегі орынбасары Ғ.Бұрханов сөз сөйлеп,жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Аудандық сайыстың мақсаты:
- мектеп оқушыларын ұлтжандылыққа, отан сүйгіштікке баулу;
- әскери- патриоттық спорт түрлері арқылы оқушылардың денсаулығын нығайту.

Тартысты сайыс қорытындысы бойынша:

I- №210 орта мектеп командасы;
II-№130 орта мектеп командасы;
III-№35 орта мектеп командасы жүлделі орындарға ие болды.

Аружан МҰХАНБЕТҚАЛИ
26 ақпан 2023 ж. 969 0