Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қалжан ахун, С.Сейфуллин ауылында есеп беру кездесулері өтті

Қалжан ахун, С.Сейфуллин ауылында есеп беру кездесулері өтті

Бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Берік Сәрменбаев Қалжан ахун, С.Сейфуллин ауылы тұрғындарымен кездесіп, 2022 жылы экономикалық және әлеуметтік салаларында атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жылда іске асырылатын жұмыс жоспарлары туралы баяндады.

2022 жылы тұрғындардың ұсынысымен Қалжан ахун ауылында "Сүндетбай" шаруа қожалығының демеушілігімен спорт алаңына жасанды төсеніш төселіп, сырлау, жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілген.

Ағымдағы жылы ауылда Қайқы батыр көшесін орташа жөндеу және елді мекенді газдандыру жұмыстары жүргізу жоспарланған.

С.Сейфуллин ауылында өткен жылы Сәрке батыр көшесі бойына тротуар салуға аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, жұмыстар толығымен аяқталған. Сонымен қатар, тұрғындарды сапалы электр жарығымен қамту мақсатында елді мекендегі Әбілдаұлы Зейін көшесіне жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, көшелердің жарық шамдары толығымен диотты жарық шамдарға ауыстырылған. «Балалар жылы» аясында кәсіпкер Т. Рақметовтың демеушілігімен балалар ойын алаңы салынып, пайдалануға берілген. Аталған жұмыстар биылда өз жалғасын табады.

Ауыл тұрғындары өз кезегінде ауылға қатысты мәселелерді көтеріп, ұсыныстарын жеткізді. Кездесуде тиісті сала басшаларына тапсырмалар беріліп, ұсыныстар хаттамаланды.

Ердос БЕРКІНБАЕВ
24 ақпан 2023 ж. 310 0