Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қоғалыкөлдегі келелі кездесу

Қоғалыкөлдегі келелі кездесу

Сырдария ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев Қоғалыкөл ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Елді мекенде өткен жүздесуде тұрғындар аудан әкіміне жайылымдық жерлер, ауыл айналасындағы көлдер, жер мәселесі, ойын алаңдары секілді сауалдарын жолдады.

Бүгінде Қоғалыкөл ауылында 58,1 млн.теңге көлемінде Тілеу ұста және Сәтбаев көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Қызылорда-Қоғалыкөл-Шіркейлі» автомобиль жолы 146,5 млн.теңге қаржыға жөндеу жұмыстары атқарылды. Бұл жұмыстарға ауыл тұрғындары алғыстарын жеткізіп, алдағы уақытта жөндеуді қажет ететін көшелерге назар аударуды ұсынды.

Кездесуде аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлы ауданның барлық елді мекендерінің мәселелері басты назарда болатынын, мемлекет тарапынан барынша қолдау жасалынатындығын, айтылған әрбір ұсыныстың ескерусіз қалмайтындығын жеткізді.


Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
10 тамыз 2022 ж. 504 0