Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 53 газет

19 шілде 2025 ж.

№ 52 газет

15 шілде 2025 ж.

№ 51 газет

12 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Қоғалыкөлдегі кездесу

Қоғалыкөлдегі кездесу

Сырдария ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев Қоғалыкөл ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Елді мекенде өткен жүздесуде тұрғындар аудан әкіміне көшелерді жөндеу, жер мәселесі, ойын алаңдары секілді сауалдарын жолдады.

Бүгінде Қоғалыкөл ауылында 58,1 млн.теңге көлемінде Тілеу ұста және Сәтбаев көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Қызылорда-Қоғалыкөл-Шіркейлі» автомобиль жолы 146,5 млн.теңге қаржыға жөндеу жұмыстары атқарылуда. Бұл жұмыстардың сапалы жүруін бірлігі жарасқан ауылдың қауымдастық кеңесінің мүшелері өз бақылауына алған.

Кездесуде аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлы ауданның барлық елді мекендерінің мәселелері басты назарда болатынын, мемлекет тарапынан барынша қолдау жасалынатындығын, айтылған әрбір ұсыныстың ескерусіз қалмайтындығын жеткізді.






Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
19 мамыр 2022 ж. 589 0