Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жағдай тұрақты бақылауда

Жағдай тұрақты бақылауда

Түрлі әлеуметтік желілер мен ба­­сы­­­лымдарда көршілес Түркіс­тан­ ­об­лысының бірқатар ауданын су ­басып, жұртшылықтың әбігер­­ге түсіп жатқаны таралуда. Осы­ған орай Сыр жұртшылығы да алаң­дау­лы екені белгілі. Бұрын тасқын судың қаупімен бетпе-бет кел­ген­ аудан тұрғындары ре­дакция­мыз­ға арнайы хабарласып, су тас­қыны­ның алдын алу шарала­рына байланысты қандай жұмыстар қол­ға алынғанын ақпа­раттанды­руы­мыз­ды өтінді.

Осыған орай тиісті сала мамандарына сұрау салып, облыс аумағында су тасқынын болдырмау, түрлі тө­тенше апаттардың алдын алу мақ­сатында жүргізі­ліп жатқан шаралар туралы мән-жаймен таныстық. Облыстық төтенше жағдай­лар департаментінің ресми хабарлауынша, бұл мә­се­ле аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тікелей бақы­лауында екен.

– Оңтүстік аумақтардағы ауа райының күрт жылуы әсерінен қар еріп, жауын-шашынның мол тү­суінен көршілес Түркістан облысының Кентау, Түр­кістан қалалары мен Бәйдібек, Ордабасы, Сауран ау­дандарының бірқатар ауылындағы аулалар мен көшелерін су басты. Осы жағдайға байланысты Сыр жұртшылығы да алаңдаулы екенін департамент бі­леді. Жоғарыда қалыптасқан тасқын судың әсерінен Арыс өзенінен Сырдария өзеніне түсетін су көлемінің ұлғаятындығы белгілі. Болжам бойынша ағымдағы жылдың 3-4 ақпанында Арыс өзенінен Сырдария өзе­ніне 100-150 м3/сек түсуі мүмкін. Қазір Арал ауданынан бастап Шиелі ауданына дейін өзен бетінде толық мұз қатқан. Мұздың қалыңдығы 18-ден 52 см-ге дейін. Бүгінгі ақпаратқа сәйкес, облыс аумағына секундына 652 текше метр су түсуде. Қызылорда қаласы мен барлық аудан әкімдіктеріне және жауапты мекемелерге төтенше жағдайдың алдын алуға тиісті тапсырмалар берілді. Жағдай тұрақты бақылауда. Су тасқынының алдын алу мақсатында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес арнайы штаб құрылып, 2 ай көлемінде жұмыс жасалуда. Су тасқынына қарсы материалдық-техникалық қорлар бойынша 141,9 тонна жанар-жағармай және басқа да қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтылған, – дейді ресми орган өкілдері.

Айта кетейік, облыс аумағындағы Сырдария өзе­нінің бойында орналасқан стратегиялық маңызы бар Қызылорда, Айтек, Қазалы және Ақлақ су торап­тары пайдалану Ережесіне сәйкес транзиттік режимге көшірілген. Сонымен қатар облыс бо­йынша 29 су басу аймағы анықталып, оған 366 арнайы тех­ника мен 1137 адамы бар 138 жауапты мекеме бекітілген. Су тасқынына қарсы іс-шараларды жүр­гізу үшін азаматтық қорғау қызметтерінің күш­тері мен құралдары да дайындықтарын пысық­таған. Мұнан бөлек су тасқыны кезеңінде халықты эва­куа­циялау үшін 64 жинақтау және 78 қабылдау пункттері дайындалған. Облыстың барлық аума­ғында өзен бойында тәулік бойы кезек­шіліктер де ұйым­дастырылуда. Сырдария өзенін­дегі су дең­гейін төмендету мақсатында магис­тральдық каналдар мен көлдер жүйелері арқылы су алу шаралары тұрақты жүргізілуде.

Күні кеше аудан әкімі М.Ергешбаев аудан аума­ғын­дағы Сырдария өзенінің бойындағы қорғаныс бө­геттерінің жағдайымен танысты. Қазіргі таңда Те­рең­өзек кентінің тұсынан 370 текшеметр су өтуде,  мұз толық ұстасып тұр және су дария арнасынан шық­паған. Аудан басшысы тиісті сала басшыларына дария бойындағы жағдайды күнделікті қатаң бақылауға алу мақсатында арнайы бекітілген кестеге сәйкес кезекшілікті тұрақты жүргізуді тапсырды.

                                                                                                
«ТТ» ақпарат
04 ақпан 2023 ж. 366 0