Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 85 газет

08 қараша 2025 ж.

№ 84 газет

04 қараша 2025 ж.

№83 газет

01 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
» » INNOFEST 2025 фестивалі өз мәресіне жетті

INNOFEST 2025 фестивалі өз мәресіне жетті

Қызылорда қаласында инновация мен шығармашылықты ұштастырған «InnoFest 2025» жастар фестивалі өз мәресіне жетті.
Биылғы фестивальге еліміздің түкпір-түкпірінен - Астана, Алматы, Жезқазған, Түркістан, Шымкент және Ақтау қалаларынан, сондай-ақ Қызылорда облысынан 1600-ге жуық қатысушы тіркеліп, өз жобаларын ұсынды.

Жастар үш бағыт бойынша бақ сынады:
Жасанды интеллект (AI) - 72 жоба
Бағдарламалық жасақтама (Software Development) - 71 жоба
Кино & Видео - 95 жоба
Қатысушылар саны мен қызығушылық бойынша ең белсенді бағыт - Кино & Видео секциясы болды.

Фестиваль қорытындысы бойынша үздік жобалар 5,4 млн теңге жүлде қоры аясында марапатталды. Сонымен қатар, бірқатар талантты жастарға Astana IT University, Халықаралық IT университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Болашақ университеті және Ашық университетінің гранттары табысталды.

Бас жүлде иегерлері:
• Software Development - Extrnos жобасы
• AI - Сұрыптаушы қоқыс жәшігі жобасы
• Кино & Видео - Фрилансер жобасы

Арнайы номинациялар бойынша ең жас қатысушы, үздік рилс және үздік видеообзор иегерлері де марапатталды.

InnoFest 2025 - жастардың инновациялық ойлау қабілетін, шығармашылық бастамасын және технологиялық сауаттылығын дамытатын маңызды алаңға айналды.
Фестиваль биыл да Қызылорданың жаңашылдыққа ұмтылған, мүмкіндіктерге бай аймақ екенін айқын көрсетті.

09 қараша 2025 ж. 30 0