Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Үш ауылда электр желілері ауысады

Үш ауылда электр желілері ауысады

Өткен жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерге қатысты аудан­ әкімі М.Ергешбаев халықпен кездесу өткізді. Бұл жолғы кездесулер аудан ор­та­лығынан шалғайда жатқан Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді ауылынан бас­талды.

Аудан басшысы 2022 жыл Сырдария ауданы үшін табыс­ты болғанын айтты. Барлық сала бойынша ілгері даму бар екенін, соның нәтижесінде «Үздік аудан» атанып, жыл жетіс­тікпен қорытындыланғанын жеткізді. Мұнан соң ауылдарда атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Айдарлы ауылында өткен жылы су тапшылығының алдын алу үшін 2 дана «СНП – 500/10» дизельді насосы, 1 дана «СНП-500/10» электрлі насосы сатып алынып, халық игі­лігіне тұтынған. Елді мекенде көше жарығын күтіп ұстау, елді мекенді абаттандыру, көгалдандыру және тазалығын қам­тамасыз ету жұмыстары тұрақты жолға қойылған.

Ал Жетікөлде ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақ­сатында «Олжа Агро Нұр», «Нұрасыл», «Тұрсынбай диқан» шаруа қожалықтары 136 гектар жерге жоңышқа, «Алиакбар Ата Агро» шаруа қожалығы 22 гектар жерге жүгері, 20 гектар жерге бақша дақылдарын орналастырып, 32 отбасы бақша дақылдарын еккен. «Жетікөл-Жері» ЖШС шетелдік инвесторлармен бірлесіп, «Көктөбе» аумағынан ауыл шаруашылығы дақылдарын егу үшін 500 гектарға жуық жер телімін ашып, егіс егу жұмыстарын жүргізіп, 10 адамды уақытша жұ­мыспен қамтыған. Аталған серіктестік бұл жұмыстарды биыл да жалғастырмақ. Одан бөлек облыстық табиғи ресурс­тар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының теңгері­міндегі «Жыңғылдыкөл» және «Хозцентр» каналдарына меха­ни­калық тазалау жұмыстары жүргізіліп, канал бойындағы мал жа­­йылымдық жерлерді суландыру мақсатында сағалар ашыл­ған.

Өткен жылы Аманкелді ауылына да егінді дамыту үшін 3 дана дизельді, 1 дана электрлі су тартқыш насос қондырғысы алынған. Осылар арқылы «Желқазған» өңіріне ауыл тұр­ғын­­дары бақша дақылдарын егіп, өнім алды. Сондай-ақ елді ме­кендегі А.Ағайдаров, Қ.Баймағанбетов көшелерінің жарық шам­дары ауыстырылса, №42 Қ.Баймағанбетов атын­дағы мек­теп-лицейдің бу қазандығына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Халық жиынында М.Ергешбаев осы жылы ауылдарда ат­қа­ры­латын жұмыстарды атап өтті.

– Биыл Айдарлы ауылында Қ.Сәтбаев, Ж.Досымбетұлы, А.Жиренов көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі және Досбол датқа көшесіне жаяу жүргіншілер жолы салынады. Оған қоса тозығы жеткен электр желілері мен электр бағаналары ауысады. Бұл жұмыстар Жетікөл елді мекенінде де атқарылады. Яғни, электр бағаналары мен желілері, тоқ беру трансформаторлары жаңадан ауысады, қосымша 2 трансформатор сатып алынады. Сонымен бірге тұрғындар ұсы­нысы негізінде ұялы байланыс антеннасын құру, қоғамдық мон­ша салу жұмыстары биылға жос­парланып отыр. Электр желілері мен бағаналарын, трансформаторларды жаңғырту мәселесі Аманкелді ауылында да бар. Аталған жұмыстар осы елді мекенде де жүргізіледі. Одан бөлек ауылдағы А.Ағайдаров, Ж.Құлымбетов, А.Жанкин көшелерінің тозығы жеткен ауыз су құбырларын жаңарту және балалар ойын алаңын салу да ағымдағы жылы атқарылуы тиіс, – деді Мұрат Нәлхожаұлы.

Кездесулерде ауыл тұрғындары ұсыныс-пікірлерін жет­кізді. Атап айтқанда, айдарлылықтар 2,5 пайызбен несие бе­ру бағдарламасына қатысуға және егін шаруашылығымен ай­налысуға ниетті ауыл жастарына қолдау көрсетуді сұрады. Ал жетікөлдіктер жастар практикасы, ақылы қоғамдық жұмыс­тарға оқу орнын бітірген түлектердің орналасуына қатысты ұсыныстарын айтты.

Жалпы, тұрғындар атқарылып жатқан жұмыстарға оң ба­ғасын берді. Аудан басшысы ауыл халқының ұсынысы тұрақты бақылауда болып, оны жүзеге асыру бюджет мүмкіндігіне сай іске асатынын тілге тиек етті.
Е.БЕРКІНБАЕВ
04 ақпан 2023 ж. 269 0