Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бұл бағытта жұмыстар жалғасады

Бұл бағытта жұмыстар жалғасады


Сыбайлас жемқорлық – атты дерттің ұшқындары қай елде болмасын кездесіп жатады. Дегенмен, әлемдік рейтингтерде экономикасы дамыған елдердің сыбайлас жемқорлық деңгейінің өте төмен екендігін байқауға болады.
Осы ретте, біздің елде де әлемнің ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру жөнінде үлкен мақсат қойып отыр.
Алға қойылған мақсатқа жету үшін, оның ішінде инвесторларды тарту, бизнес ортаны дамыту үшінелімізде ең бастысы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету қажет.
Осы бағытта, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен қоса оның жолын кесуде біршама жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі күні, Қазақстан Республикасыныңмемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылагенттігінің бастамасымен Қызылорда облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша түйіткүл мәселермен халықпен, тұрғындармен, жұмыс ұжымдарымен, кәсіпкерлермен, сондай-ақ жастар арасында түсіндіру жұмыстары қарқынды жүргізуде.
Сыбайлас жемқорлықты жоюдың ең басты механизмі – ол барлық азаматтар қоғамда болып жатқан келеңсіз жағдайларға бей-жәй қарамай,өздерінің азаматтық позицияларын білдіру болып табылады.
Осы ретте, «Өзгерістерді өзіңнен баста», «Азаматтық бақылау» жобаларын айтуға болады.
Бұған қоса, қоғамдық ұйым, бұқаралық ақпарат құралдарының, үкіметтік емес ұйым, саяси партиялар өкілдері, блогерлер мен мемлекеттік орган қызметкерлерінен құралған Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының орындалуына талдау және бағалау жасайтын әр облыста арнайы мониторингтік топтарқұрылған. Ол, құзіретіне сәйкес  тиісті мемлекеттік органдарға өз ұсынымдары мен ескертпелерін айтып отырады.
Сонымен қатар, арнайы мониторингтік топ мемлекеттік және квазимемлкеттік органдар қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, яғни сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына әкеліп соғатынсебептерді анықтау мақсатында сыртқы талдау жұмыстарына белсенді қатысуда.
Осы жұмыстар негізінде 2018 жылғы 22 ақпанда Сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексі Транспаренси Интернешнл ресми мәліметіне сәйкес, Қазақстан 31 ұпай жинап және әлемнің 180 елдерінің арасында 122 орынды иеленіп, 2016 жылмен салыстырғанда өзінің көрсеткіштерін 2 ұпайға және 9 позицияға жақсартқанын көруге болады.
Қазіргі таңда, СТИ-де 31 ұпайға қол жеткізу рейтингке алғаш қатысқан сәттен бастап Қазақстан бойынша ең жоғары көрсеткіш болып отыр.Бұл рейтингті қалыптастыру кезінде 9 халықаралық рейтингтік агенттіктер зерттеулерінің нәтижелері қолданылды, оның 6-ы бойынша елде сыбайлас жемқорлық көрсеткіштерінің жақсаруы байқалған.
Қорыта келе, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша Еліміз бүгінгі күні тиімді амалдар қолданып, дұрыс жолда келе жатқанын айтуға болады. Сондай-ақ, бұл жеткен жетістікте тоқтап қалмай, әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосылуға жұмыстарды жүргізе беретін болады.
А. Мұхимов,
Қазақстан Республикасының мемлекеттік
қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігінің
Қызылорда облысы бойынша
департаментінінң басшысы,
Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы
26 ақпан 2018 ж. 1 093 0