ОЗЫҚ ҮЛГІДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САПАСЫ ӨСЕДІ
Аптаның бейсенбісінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры А.Бердалин аудан әкімдігінің мәжіліс залында мемлекеттік қызметшілермен кездесіп, актив жиынын өткізді. Кездесуге Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Б. Байхожаев, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, сала мамандары қатысты.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Б.Өтегенова ашып, мемлекеттік қызметтің маңыздылығына тоқталды. Б.Сұлтанбекқызы мемлекеттік қызмет саласы бойынша елімізде жүргізіліп жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды. Сонымен бірге, аудандағы мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті. Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры А.Бердалин сыбайлас жемқорлықққа қарсы күресте қоғам болып жұмыс жасаудың маңызы туралы баяндама жасады. Бүгінде жемқорлық індетіне қатысты жүргізіліп жатқан шараларға нақты мысалдарды жиналғандар назарына ұсынды. Қоғам індетіне байланысты жиналғандарға бейнеролик көрсетілді. Мұнда сыбайлас жемқорлыққа барған жағдайда ауыр жазаға тартылатыны жөнінде айтылған.
Бұдан бөлек А.Тілектесұлы мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру және мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту бағытындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарына айрықша мән беріп өтті. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметші елдің мүддесіне адал еңбек ету керектігін айтты. Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын мақсат-міндеттерді орындау барысын тілге тиек етті. Цифрлы Қазақстан жобасы аясында жасалып жатқан қызметтерді тізбектеді. Мемлекеттік қызметтің имиджін көтеруге қатысты бірқатар мысалдар келтірді. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қазіргі таңдағы әлемдік тәжірибеден өткен озық үлгідегі қызметтерді жетілдіріп жатқаны жөнінде мәлімдеме жасады.
Актив жиыны барысында А.Тоқмағамбетов ауылдық округінің әкімі Ғ.Алданазаров, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М.Ерташов, Тереңөзек кенті әкімі аппаратының бас маманы Ж.Жансейітова, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы М.Жүсіпбековалар сөз алып, тиісті салалары бойынша ұсыныстарын айтты. Аудан әкімінің орынбасары Балшекер Өтегенова агенттіктің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры А. Тілектесұлына соны серпілістерге толы аудан тарихы туралы жазылған кітапты сыйға тартып, жұмысына жеміс тіледі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры А.Бердалин іссапар барысында Қалжан ахун мешіт-медресесіне, аудандық «Еңбек даңқы» музейіне барып тарихи тарихи жәдігерлермен танысты. Н.Ілиясов ауылына табан тіреп, ауыл әкімі аппаратының қызметіне қанығып, сала мамандарымен пікір алмасты және бірнеше әлеуметтік нысандарды аралады.

Б.ҚАРАМАНТЕГІ