Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Электр желілері жаңарады

Электр желілері жаңарады

Биылғы Жаңа жылда Сыр хал­қы ­ ауа райының қолайсыздығы­нан жа­рық мәселесіне тап келді. Қар жауып, артынша нөсерлеткен жаңбырдан электр желілерінде ақау пайда болды. Салдарынан­ облыс орталығы мен аудандарда­ғы кейбір аумақтарда жа­рық сө­ніп қалды. Бұған қатысты об­лыс әкімі Н.Нәлібаев шұғыл жиын өт­кізіп, мереке күндері орын ал­ған кемшіліктерге байланысты бір­қа­тар сала басшыларының жұмы­сын сын­ға алды және олқылық­тар­ды жедел рет­ке келтіруді тап­­­­­сырған еді.

Жиында аймақ басшысы күнделікті тұтынатын коммуналдық салада мәселе туындамау керектігін алға тартты.

– Халықтың күнделікті тіршілігіне жарық, жылу, су керек. Өкінішке қарай, мереке күндері бір күн жауған жауынның әсерінен қаланың және бір­қа­тар аудандардың кейбір аумақтарында жарық тоқтап қалды. Бұл – барлығымызға сын! Мен бұған дейінгі жиналыстарда үнемі тіршілікті қамта­ма­сыз ету жүйелерінің тұрақты жұмыс жасау қа­жет­тігін ескертіп келемін. Бәрімізге белгілі, электр же­лі­лерінің тозу деңгейін 68%-дан 30%-ға төмендету үшін 153 млрд теңге қажет. Үкімет басшысының өңірге жұмыс сапары барысында да осы мәселе­ні көтеріп, қаражат сұрадық. Оның ішінде мамандар­дың қаржы мәселесі де қамтылған. Бұл бір күнде шешілетін мәселе емес. Біз желілер тозды деп қол жайып отырмай, қолдағы бар ресурстарды пайдаланып, кез келген жағдайға дайын болуымыз қа­жет. Әрбір қосалқа станцияның жағдайына талдау жасап, мамандардың күшімен ретке келтіру қажет. Керек болса, жанашыр демеушілерді бірікті­ре отырып, жұмысты үйлестіруге болады, – деді өңір басшысы.

Халықты электр жарығы мен ауыз сумен қамту – кезек күттірмейтін мәселе екенін тілге тиек еткен аймақ басшысы облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязовтың төрағалығымен арнайы комиссияны құрып, ақау себептері мен оны жою жолдары бойынша шұғыл түрде ұсыныс беруді тапсырды. Комиссия құрамына білікті мамандарды тартып, сала ардагерлерін қосуды жүктеді.

Осыдан кейін жиын нәтижесімен құрамын­да са­ла мамандары бар арнайы комиссия құрылды. Облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов баста­ған комиссия құ­ра­мы аймақтағы электр жүйе­ле­ріне зерделеу жұ­­мыс­тарын жүргізуде және қосалқы станция­лар­­дың жағдайына бақы­лау жасауда. Соның нәти­­же­сі­мен, тиісті жөндеу жұ­мыс­та­рына қажетті қаржы қа­рас­тыру мәсе­лесі пы­сық­талып, алдағы бюд­жеттік комиссия отырысын­да қаралатын болады, яғни электр желілерін жа­ңар­туға байланысты облыстық және республи­ка­лық бюджетке ұсыныстар берілмек.

Негізінен, Қызылорда облысы бойынша «КРЭК»­ АҚ теңгерімінде 10 мың шақырымнан ас­там электр желілері мен 1800-ге жуық қосалқы трансформаторлық станциялар бар. Бүгінгі таңда осы электр қондырғыларының 70 пайызының то­зығы жеткен. Мұндай жағдай облыс орталығына жақын Сырдария ауданына да қатысты. Біздегі елді мекендердегі электр желілерінің де 70 па­йы­­зының тозығы жетіп тұр. Соған байланыс­ты жар­ты ғасырдан бері қолданыстағы Айдарлы, Же­ті­көл, Аманкелді, Шаған, Қоғалыкөл және А.Тоқ­мағам­бетов секілді ауылдарда электр энергия­сының жиі ажырауы орын алуда. Тіпті, жаңбыр жауса аудан орталығының кей­бір көше­лерінде жарық сөнетін жағдайлар да кез­деседі.

Бұл – күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Сон­дықтан атқарушы билік тарапынан электр желілерін жа­ңар­туға қатысты тиісті жұмыстар жүргізілуде. Мә­се­лен, ауданда тозығы жеткен электр жүйесін жаңарту жұмыстары 2021 жылы бастау алған.

Аудан көлеміндегі электр энергиясы тарайтын трансформаторларға тал­­­дау жүргізілген. Соған орай, жергілікті бюджет есебінен 10 трансформатор са­тып алуға қар­­­­­жы бөлініп, кент және ауылдық округтерге орна­тылған.

Аудандағы электр желілерін жақ­сар­ту үшін Тереңөзек АЭТ және Тас­бөгет АЭТ мекемелерімен бірлесіп, 2023-2025 жылдарға жоспар жасалған. Соның негізінде, Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді, Қоғалыкөл ауылын­дағы электр желісін жаңартуға сараптама алынған. Осы бойынша 1,6 млрд тең­геге бюджеттік өтінім тапсырылып, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен қолдау та­уып отыр. Елді мекендердегі электр баға­налары мен трансформаторлар толық ауыстыру үшін мердігер мекеме ре­тінде «УниверсалСтройСервис» ЖШС анықталған. Енді жуық арада бұл жұ­мыстар басталады деп күтілуде.

Аудандағы үлкен ауыл саналатын­ Шағанда да осындай мәселе бар. Ауылдағы 22 көшенің электр жарығы жөнделсе, жарықтан проблема болмас еді. Бұған жобалық-сметалық құжат әзірленіп, оң сараптама алынған. Енді тиісті қаржы қаралса, бұл ауылда да мәселе шешімін таппақ.

– Елді мекендерді электрмен жаб­дықтау бо­йынша 2023-2025 жыл­дар­ға арналған жоспар әзірленіп, сол бо­йынша жұмыстар жүргізілуде. Бі­рін­ші кезекте тозығы жеткен ауыл­­­дар бойынша электр желілерін ауыс­­тыру жұмыстары жүргізіледі. Биыл Айдар­лы, Жетікөл, Аманкелді, Қоғалы­­көл елді мекендерінде электр желісі толық жаңарса, Шаған ауылына қар­жы көздері қарастырылуда. Ал А.Тоқ­мағамбетов, Қалжан ахун, С.Сей­фул­лин ауылдарының және Тереңөзек кен­тінің электр желілері мен трансформаторларын ауыстыру жұмыстарының жобалық сметалық құжаттары да­йын­далу үстінде, – дейді аудандық құ­рылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Сәбит Аймаханов.

Жарық қазір күнделікті тіршіліктің өзе­гіне айналған. Сондықтан жарықсыз жұмыс істеу мүмкін емес. Ал бұл ретте, электр энергиясының үздіксіз беріліп тұрғаны баршаға қолайлы.

Е.БЕРКІНБАЕВ
10 қаңтар 2023 ж. 546 0