Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 24 газет

04 сәуір 2026 ж.

№23 газет

31 наурыз 2026 ж.

№22 газет

28 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Бүлдіршіндерге арналған аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасы өтті

Бүлдіршіндерге арналған аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасы өтті

Аудан оратылығындағы спорт кешенінде жылдағы дәстүр бойынша аудан әкімінің балаларға арналған жаңа жылдық шыршасы өтті. Мерекелік қуанышқа аудан әкімінің орынбасары Димаш Байдушев қатысып, бүлдіршіндерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Бұл күні әр баланың арманы мен тілектері орындалып, барлық бала мереке қуанышына бөленуі тиіс. Еліміздің жарқын болашағы, ата-аналарыңның бақыты мен қуанышы да өздеріңіз. Сондықтан да, әрқашан, ата-аналарыңызды қуантыңыздар. Зерделі де зерек, білімді де білікті болыңыздар! Бүгінде жасампаз істердің барлығы сіздердің жарқын болашақтарыңыз үшін жасалуда. Келер жылда ұшқыр арман-қиялдарыңыз бен ақ тілек-ниеттеріңіз орындалсын, – деді Димаш Серікбайұлы мерекелік лебізін білдіріп.

Аудан әкімінің орынбасары бүлдіршіндерге мерекелік сыйлықтар табыстап, думанның қызықты өтуіне бірге атсалысты.

Оқушылар өздерің құттықтауға келген ел ағаларымен қосылып әсем шыршаны айналып би биледі, ән салды. Аяз ата мен Ақшақарды көтеріңкі көңіл күймен қарсы алған бүлдіршіндер тақпақ айтып, мерекенің көрігін қыздырды.

Жасыл шырша жанына жиналған ертегі кейіпкерлері ғажайыпқа толы қойылымдар көрсетті.

"ТТ" ақпарат
29 желтоқсан 2022 ж. 545 0