Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Жаңажылдық ұжымдық кештерге тыйым салына ма?

Жаңажылдық ұжымдық кештерге тыйым салына ма?

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда карантин шараларын ықтимал күшейту туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысы кулуарында журналистер Денсаулық сақтау министрлігі басшысына қазақстандықтар карантин шараларды күшейтуден қорқуы керек пе және ведомство жаңажылдық кештер мен ұжымдық кештерге тыйым салуды жоспарлап отыр ма деген сауал қойды.

"Вирус инфекциялары мен коронавирус инфекциялары көбейіп барады. Әр апта сайын күніне 200-ден аса инфекция тіркелетінін салыстырып және көріп отырмыз. Біз адам жаппай жиналатын жерлерде бәріне маска тағуды ұсынамыз. Сондай-ақ, бүгінде барлық вирус инфекциясының, соның ішінде тұмаудың маусымдық өсуі байқалады. Қазір шектеу шараларының жоқтығын, халықтың бетперде тақпайтынын ескерсек, былтырғымен салыстырғанда өсім бар екені анық. Корпоративтік кештер мен ертеңгіліктерден бас тарту да жоспарда жоқ", - деп жауап берді министр Ажар Ғиният.
14 желтоқсан 2022 ж. 467 0