Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Министрлік жалған вакцина паспортын сатып алғандардың санын қалай анықтамақ?

Министрлік жалған вакцина паспортын сатып алғандардың санын қалай анықтамақ?

Вакцина салдырғандардың саны 5,2 миллионнан асқаны айтылуда. Десек те, Қазақстанда жалған вакцинация паспортын жасаушылардың көбейгенін ескерсек, бұл статистикаға қаншалықты сенуге болады? Министрлік жалған вакцина паспортын сатып алғандардың санын қалай анықтамақ? Бұл сұрақтарға денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният жауап берді.

“Бүгінгі таңда, өкінішке қарай, медициналық ұйым қызметкерлерінің арасында осындай заңбұзушылықтар көбейіп жатыр. Біз ішкі істер министрлігіне келіп түскен ақпарттарды тексеріп, дәлелденген жағдайда вакцинация паспортын алған адамдар тізімінен оларды шығарамыз. Қазіргі таңда барлық аймақтарды тексерістер жүріп жатыр. Ресми түрде дәлелденген соң, емханаларда керекті шаралар қолданылатын болады. Ал жалған вакцинация паспортын жасатып, емханаға ауырып түскендер арасында мойындағандарын бақылау комитеттері жіті тексеріп, жұмыс жасап жатыр”, – дейді денсаулық сақтау вице-министр Ажар Ғиният.

Айта кетсек, ішкі істер министрлігі жалған вакцинация құжатын жасатқандар 4 жыл бас бостандығынан айырылады деп мәлімдеген болатын.

08 тамыз 2021 ж. 468 0