Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Шіркейілік тұрғындар өз кәсібін бастады

Шіркейілік тұрғындар өз кәсібін бастады

Мемлекет тарапынан жұмыссыздықты жою мақсатында түрлі бағдарламалар қабылданып, іске асқаны белгілі. Өзін өзі жұмыспен қамтып, бизнесті табыс көзіне айналдырғандардың қатарында шіркейілілік тұрғындар да бар.

Осы орайда «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бойынша» биылғы жылы Шіркейлі ауылдық округінен 34 тұрғын мемлекеттік грант иегері атанды. Олар "Бастау Бизнес" курсынан өтіп, арнайы сертификат негізінде жоба дайындап, қайтарымсыз гранқа ие болды. Негізінен ауыл шаруашылығы саласына, оның ішінде мал шаруашылығымен айналысуға ауыл тұрғындары Е.Балабатыров, М.Қыдыров, А.Ушкова жоба жеңімпазы атанды. Алдағы уақытта кәсіптерін сүт бағытына арнап, ірі қара малын асырайтын болады. Сонымен қатар А.Асаналиева, Ж.Серікбаева, Е.Бихожаев жылқы бордақылаумен айналысып, ата кәсіпті жандандырады. Бұл өз кезегінде отбасының кіріс көзі болып, оны табысқа айналдыруға мол мүмкіндік болмақ.

Жалпы айтқанда кәсіп – адамның өмірбойына айналысатын жұмысы. Ал ауыл тұрғындары осындай мүмкіндікті беріп отырған мемлекеттік қолдауға дән риза. Жыл сайын іске асып, тың идея мен бастамалар қаржылай қолдау тауып жатса, тұрғындардың да әлеуметтік хал-ахуалы жақсара түседі. Аз уақыттың ішінде шаруасын дөңгелетіп, кәсіпкерлердің қатары арта түсері сөзсіз.

Бизнес пен бәсекеге қабілетті адамдар санының көбеюі – елдің әлемуеттік-экономиканың дамуына да оң әсерін тигізеді.
01 желтоқсан 2022 ж. 382 0