Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарты бардың – қазынасы бар

Қарты бардың – қазынасы бар

Қарты бардың – қазынасы бар. Кейінгіге келелі мұра, болашаққа бағдар беріп, біздерге үлгі мен өнеге, тәрбие көзіне айналып, ақыл-кеңесімен сусындатқан қарттарымыз – еліміздің қазынасы. Олар – өткен тарих пен қазіргі заманды байланыстырушы ақылшы, дана жандар. Кейінгі жас ұрпақ өмірі өнегеге толы қарттарды сыйлап, ол кісілерден үлгі-өнеге алады. Қартын сыйлап, оларды қазына әрі тарих деп төріне шығарған елдің озары анық. Көпті көрген жанмен бір сағат әңгімелесіп, құлағың түрсең, небір байлыққа, рухани азыққа кенелесің. Бұл – дана қарттарымыздың көрінісі.

Жақында Қызылорда облысында "Қазақтың ғибратты даналық сөздері" атты облыстық ғибратты сөздер және дастандар оқу байқауы өтті. Игі іс шараны облыстық  ардагерлер кеңесі ұйымдастырды.

Аталған байқауға Сырдария ауданына қарасты Аманкелді ауылының ақсақалы Қорғанбек Сматов ақсақал бақ сынады. Көпті көрген дана ақсақал сайыста оза шауып, жоғарғы жетістікке жетті. Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы мен көрермендердің зор ықыласына ие болған ардақты ардагер «Алғыс хатпен» марапатталды.

Байқау жеңімпаздарына ұйымдастырушылардың дайындаған алғыс хаттары мен ақшалай сыйлықтары табысталды. Келген қонақтар мен қатысушылар тәрбиелік мәні зор іс-шаралардың көп болуын тілеп, алғыс айтып тарқасты.
01 желтоқсан 2022 ж. 724 0