Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 100 газет

31 желтоқсан 2025 ж.

№ 99 газет

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 газет

23 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Ұрпаққа өсиет айтқан ақсақал

Ұрпаққа өсиет айтқан ақсақал

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында облыстық ардагерлер кеңесі тағылымы мол іс-шара ұйымдастырды. «Батамен ел көгерер» тақырыбында өт­кен шараға аудандарынан бата­гөй ақса­қал­дар қатысып, ақ баталарын жатқа айтудан сынға түсті.
Байқаудың ашылу салтанатында сөз сөйлеген об­лыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Дүйсенбаев бата беру дәстүрі жөнінде келелі ой айтып, қаты­сушыларға сәттілік тіледі. Талапкерлерге ардагер-жур­налист Мах­мұтбай Әміреұлы, ақын Қаршыға Есімсейітова және режиссер Оңталап Нұрмахановтардан құралған қазылар алқасы баға берді.
Жатқа бата айту және викториналық сұрақтарға жауап беру кезеңі бойынша өрбіген батагөйлер жарысында Сырдария ауданының намысын еңбек ардагері, «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» Рақымжан Бәйменов қорғады. Тоқсанның төріндегі қазыналы қария Саққұлақ бидің Шоқанға және Дулат ақынның Абайға берген батасын көпшілікке зор тебіреніспен жеткізді. Сонымен қатар, Шағыр бидің батасын жатқа айтып, жастар мен жас жұбайларға арналып айтылатын ақ батасымен бөлісті.
Байқау қорытындысында сырдариялық ақсақал Рақымжан Бәйменов қазылар алқасының шешімімен ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Бұл марапат өмір жолы өнегеге толы, ақ баталы аудан ардагерлерінің де жетістігі.

Б.ОРДАБЕКОВ
04 желтоқсан 2019 ж. 1 780 0