Шаруашылықтың техникалық базасы кеңеюде

Аудандағы әрбір шаруашылық келесі жылы межеленген жоспарды орындау үшін дайындықты бастап кетті. Орлардың ішінде, «Шаған-Жер» ЖШС-і бар екендігін айта кетейік.
– Серіктестік ағымдағы жылы техникаларды жаңартып, салаға серпін бере түсті. Атап айтқанда, «CLASS LEXION 750» комбайнының 2 данасын, «CLASS AXION 820» тракторының 3 данасын, соқа фермердің 3 данасын, дискілі тырманың (БДТ) 1 данасын, лазерлік фермердің 2 данасын және жаңа түрік сеялкасының(сепкіш) 2 данасын алып, шаруашылықтың техникалық базасы нығая түсті. Біз қашанда шаруашылықты жан-жақты дамытуға барымызды саламыз. Кәсіби мамандар тартамыз. Сала мамандарына қолдау көрсетіміз, – деді шаруашылық төрағасы Жеңісбек Сыздықов.
Еске сала кетейік, серіктестік биыл 2 800 гектар алқапқа Сыр салысын, 1200 гектарға жуық жоңышқа, 400 гектарға бидай, 50 гектар алқапқа мақсары дақылдарын екті.