Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАҒАЗДАН ЖАСАЛҒАН ҚАМАЛДЫ ЖАУ АЛА АЛМАС

ҚАҒАЗДАН ЖАСАЛҒАН ҚАМАЛДЫ ЖАУ АЛА АЛМАС

Әдетте, Н.Бердіқұлов партиялық құжаттарды төрт дана етіп жаздыратын. Аса сақтық жасап, партиялық құжаттарды ол кісі күні бұрын оны оқытып және жіберілетін хабарламаларға қолын сосын барып қоятын да, бір данасын өзіне алып қалатын. Бір қызығы, ол кісі дайындалған баяндаманың өзіндегі бір данасына жәймен оқып отырып, не оқытып отырып, әрбір азаттық жолды (абзац) үш түрлі бояу қаламмен тұсына белгі соғатын. Мұнысы мақтайтын жолдардың тұсына дөңгелектеп қызыл түсті, жұмыстағы жіберілген ағаттықтардың тұсына көк түсті, ал, батыл сынға алатын тұстарды қара түсті қарындашпен еске ұстарлықтай белгімен таңбалап тастайтын. Қайтіп оны ешкімге ұстатпайтын. Трибунаға шыққасын баяндаманың көлемінен сәл ауытқып, қызып кететін де, мәтінде жоқ, тың фактілерді келтіріп, кінәлілерді осып-осып алатын.
Тексеруші комиссиялар келер алдында іс қағаздарды тағы бір рет өзінше сүзіп өтетін де аппараттағыларды жинап:
– Жолдастар, тексерушілер не десе, о десін. Сендер қағазға қашанда мықты болсаңдар, қағаздан жасалған қамалды ешбір жау ала алмайды, – деп отыратын.

Б.ШЕРТАЕВ жазбасынан. 1994 жыл
21 наурыз 2019 ж. 909 0