Жаңа техника жұмыс өнімділігін арттырады
Ауыл шаруашылығы саласының құрылымы маусымды табысты аяқтап, етек-жеңін жинауға кірісті. Яғни, жекелеген серіктестік техникалық базасын кеңейту үстінде. Көктемде егін маусымы басталған уақытта техника қоры жеткілікті болуы – маңызды рөл ойнайды. Сондықтан ескі техниканы жаңартып, қосалқы бөлшекті түгендеу күн тәртібінен түспейді.
Қазіргі уақытта іргелі шаруашылықтар «Лизинг» бағдарламасы шеңберінде заманауи техниканы алуда. Жалпы, «Лизингіге» жалға берушінің өзіне тиесілі құрал-жабдықты,машинаны ЭЕМ, ұйымдастыру техниканы, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыны «Лизингтік» төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты жатқызылады. Негізінен, «Лизингтің» өзіндік жағымды және жағымсыз белгісі бар. Мәселен, ин-вестициялық қызметтің бұл түрін бірегей оң немесе жеткіліксіз деп атауға болмайды. Лизингтің маңызды артықшылығының бірі – кепілдікті қалдырудың қажеті жоқ, бұл әр тұтынушыны қанағаттандырады. Оның жетіспеушілігі несиемен салыстырғанда жоғары деңгейде артық төлеуге болады.
– Біздің ауданымыз биылғы маусымда үздіктер қатарынан көрінгені белгілі. Осы күні ауданға қарасты бар-лық шаруашылық құрылымы тозығы жеткен техникасын жаңалау үстінде. Мемлекеттік бағдарлама аясында жү-йелі жұмыс жолға қойылып келеді. Көп-теген мамандандырылған фирмалар тұ-тынушы «Лизингтің» пайдасын жақсы біледі. Айта кетейік, ауданда бірнеше шаруашылық «ҚазАгроҚаржы» АҚ Қызылорда филиалы есебінен және өз қаражатымен биыл 38 дана техника алған болатын. Тиісті техника бірлігі ауыл шаруашылығы саласындағы қыруар тірлікті жасауға оңтайлы жағдай жасайды. Алдағы уақытта жоспар шеңберінде жекелеген серіктестік базалары техникамен толықтырылып отырады, – дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрбол Жұмабеков.
Ескірген, тозығы жеткен құрал-жабдықты жаңалау барысында трактор «Axion 820», соқа «Juwel»,комбайн «Торум», «Лазерлік жоспарлау» секілді техниканың бірнеше түрі алынған. Өз кезегінде «Шаған-Жер» ЖШС-нің тех-никалық базасы нығая түскен.
– Серіктестік ағымдағы жылы техникаларды жаңартып, салаға серпін бере түсті. Атап айтқанда, «Class lexion 750» комбайнының 2 данасын, «Class Axion 820» тракторының 3 данасын, соқа фермердің 3 данасын, дискілі тырманың (БДТ) 1 данасын, лазерлік фермердің 2 данасын және жаңа түрік сеялкасының (сепкіш) 2 данасын алып, шаруашылықтың техникалық базасы нығая түсті. Еске сала кетейік, серіктестік биыл 2 800 гектар алқапқа Сыр салысын, 1200 гектарға жуық жоңышқа, 400 гектарға бидай, 50 гектар алқапқа мақсары дақылдарын еккен еді. Міне, осындай біршама жұ-мысты ұтымды әрі сапалы жүргізу үшін техника бізге ауадай қажет. Бір жағынан механизаторлар жаңа техниканы жүргізуде қиындыққа тап болмайды. Барлық жағдайды ескере отырып, «Лизингтің» артықшылығын өз пайдамызға жартауымыз керек, – дейді «Шаған-Жер» ЖШС-нің төрағасы Жеңісбек Сыздықов.
Бұл ретте, «Лизингтің» өзіндік зор мүмкіндікке төмен салық ставкасы және қолайлы шарттарда сақтандыру мүмкіндігі, тұтынушы мерзімінен бұрын келісімшартардың аяқталуына дейін жалдауды өтеудіайтарлықтай артық төлемдер мен шығындарсыз өтеуі мүмкін екен. Сонымен бірге қарызды жартылай өтеуге болады.Мұндай жағдайда соманың қалған бөлігін қысқа мерзім ішінде қайта есептейді. Ал кейбір сәтте сақтандыру мін-детті емес. Кейде бұл негізгі өлшемдердің бірі болып табылады. Кепілден бас тартудың да қажеті жоқ екенін ескерген жөн. Жаңа техниканы немесе автокөлікті сатып алу мүмкіндігін тезірек қажет ететін жағдайларда жылдамдықты азайту үшін мұндай мүмкіндік жоқ. Осылайша, сіз пайда табуды қайтадан жалғастыра аласыз және жалпы соманың бір бөлігін төлеп, бизнесті дамыта аласыз.
Алдағы жылдарымол өнім алу үшін техниканың шаруашылыққа қажеттігін сала мамандары жақсы ескеріп отыр. Сондықтан ескі-құсқыдан арылып, барынша техника базасын жаңалау үстінде. Бұның ұтымды жағы көп. Ырзық-несібесін жерден терген сала маманының жұмысы қашанда тоқта-мағаны көпшілікке пайдалы.
Балтабай АЯБЕКҰЛЫ