Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектепте 17 жыл жұмыс істеген мұғалім оқып, жаза алмайтынын мойындады

Мектепте 17 жыл жұмыс істеген мұғалім оқып, жаза алмайтынын мойындады


Американдық мұғалім Джон Коркоран BBC-ге берген сұхбатында әріп танып, жаза алмайтындығына қарамастан 17 жыл бойы мектепте қалай жұмыс істегені туралы айтты.

Бұл туралы Lenta.ru-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Коркоран 40-50 жылдары Нью-Мексико штатында өскен. Ол мектепте қанша оқуға тырысқанымен, әр кезде кітабынан «түсініксіз қытай әріптерін» көрген. Мұғалімдер әрдайым оның ата-анасына баланың қабілеті бар екенін айтып, келесі сыныпқа ауыстырып отырған.
Коркоран бала кезінде Құдайдан оқып үйренуін сұрап, дұға еткен. Жетінші сыныпта ол үй тапсырмасын орындап беретін адамдармен дос болу керектігін түсінді. Ол көптеген емтихандарда неше түрлі қүйтырқы тәсілдерді қолданып, өзіне берілген тапсырманы достарына беріп, дайын жұмыстарды тапсырып отырған.
Дегенмен әріп танып, жазу жаза алмаған Коркоран әйтеуір мектеп пен колледжді бітіріп шықты. Кейін мектепте мұғалім жетіспегендіктен оны жұмысқа шақырған. Ол жеңіл атлетикада жаттықтырушысы болып жұмыс істеп, оқушыларды жазу машинасына жылдам жазуға үйреткен.
«Мен ешқашан тақтаға жазу жазған емеспін. Тұтастай алғанда біз көбінесе фильм көріп, біраз нәрсені ауызша талқыладық », – деді Коркоран.
Ол алғаш рет өзінің құпиясы туралы әйеліне айтқан. Кейінірек Коркоран АҚШ-та сауатсыздықтан қиналған жалғыз адам емес екенін білді. Нәтижесінде ол басынан бастап оқып, жазуға келіскен 65 жастағы азамат болып, өзіне тәлімгер жалдады.
17 сәуір 2018 ж. 1 104 0