Сырдариялықтарды дауылдан сақтануға шақырамыз

Бұл ретте аудан тұрғындарына дауылдан сақтану жолдарын қарастыру керектігін ескертеміз. Егде тартқан кісілер, балалар дауылды күні далаға шықпағаны жөн.
Аудан орталығы саналатын Тереңөзек кенті көгілдір отынға қосылғанымен, қатты отынды пайдаланатын тұрғын үйлер қатары жетерлік. Сондықтан жекелеген тұрғын үйлер қыс мезгілінде көмір тапшылығын болдырмау үшін қатты отынды көптеу алуы керек. Шын мәнінде еліміздің басқа өңірлерінде күн суытып, қар жауа бастады. Өз кезегінде көлік жүргізушілері қысқы дайындық жұмыстарын пысықтаған жөн. Яғни, автокөлік иелері қысқы мерзімге арналған шинасын ауыстырғаны абзал. Себебі қақаған аязда жаз мезгіліне арналған шиналармен жүрген қауіпті. Барлық сақтық шараларын ұстанған жағдайда жол апаттарының алдын ала аламыз