Театр – таланттар мекені
Өнер – өзен, жан-тәніңді шаятын,
Өнер – өріс, рухыңды жаятын.
Өнер – өмір, әлдилейтін санаңды,
Өнер – өткел, серуендейтін саяңды.
Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде ұлт та ұлы болмайды.
Өнер – өріс, рухыңды жаятын.
Өнер – өмір, әлдилейтін санаңды,
Өнер – өткел, серуендейтін саяңды.
Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде ұлт та ұлы болмайды.
Кез келген елді ерекшелейтін мәдениеті мен әдебиеті, салт-санасы мен тарихы, рухани дүние танымы екені даусыз.
Сол сан түрлі өнердің ішінде театр өнері, театр мәдениетінің орны бір төбе. Әрбір театрдың тарихи жағынан қалыптасып дамуы, болашаққа қадам басуы, өсіп-өркендеуі, әр халықтың өмір-тұрмысымен, салт-санасымен, тағлымды тарихымен және ішкі мәдениетімен тығыз байланысты. Басқа өнер түрлері сияқты театр өнері де қоғамдық ой-сананың шарықтау шегі мен адами дүниетанымның жемісі.
Ел арасында білімді, өнерлі өрендердің өсуіне ықпал ететін жол көрсететін ұстаздарымыз болмақ. Сондай жаны жайсаң, қазақ ұлтының келешегі үшін ұрпақты ұлылар жолына жіберуге өз үлесін қосып, берекелі Бесарық ауылындағы білім ордасының одан әрі жандана түсуіне өз үлесін қосып жүрген Қазбек ағайымыз «Театр таланаттар мекені» атты іс-шара өткізді.
Шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мәдениет саласының үздігі, Қызылорда облстық Нартай Бекежанов атындағы қазақ драма театрының әртісі Бақытбек Әбділләұлы Темірбеков және ауылымыздағы мәдениет саласының мамандары, ұстаздар және өнерге ден қойғандар, оқушылар мен мектеп бітірушілер қатысты.
Кездесу барысында Бақытбек ағамызға оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тіпті қонақ кәде сұрады. Мектеп оқушыларының ішінен әртіс болуды армандап, сол сала бойынша қызығушылық танытып жүрген оқушыларымыз да өнер көрсетті. Алаш арыстарын сомдаған 6-7 сынып оқушыларына өзінің ақылын айтса, 10 сынып оқушысы Арузаның «Жетім қыздың» монологын оқығанына көзіне жас алып жүрегі тебіреніп кеткенін айтты. Ол тоқтаған сәтте, бөлме іші құлаққа ұрған танадай болған тыныштық күйге енді . Сол сәтте Бақытбек ағамыз, оқушының өнеріне тәнті болып былай деді:
- Айналайын қызым-ау, дайын тұрған әртіс екенсің ғой. Жүректен шыққан үн, жүрекке барып орнығады. Апталдай азамат болып, ел ағасы болған уақытымда жанарыма жас алдырттың....
Қанатың талмасын,-деп бата берді.
Отырған көрермендер уақыттың қалай зуылдап өте шыққанын байқамай да қалды. Театр тарланының өнер жолындағы талай сәтті еске алып жимығаны және өзі сомдаған бейнені оқушыға шеберлікпен орындауы жүрегімізге рух, қанатымызға қанат бітірді.
Елдің ықыласына бөленген ағамызбен кездесу кеші осылай аяқталды. Соңында естелік суретке түсті.
Білім ордасындағы әр баланың көпке дейін театр жайлы түсінік пен өнерге деген өзгеше сезім ұзаққа дейін саналарында сақталары сөзсіз. Қазбек ағайға алғысымыз шексіз!
Болашақ білімді жастар қолында!
«ТТ» ақпарат