Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жас кәсіпкер тегін қызмет көрсетті

Жас кәсіпкер тегін қызмет көрсетті

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде Тереңөзектік жас кәсіпкер Нұртуған Тұрмағамбетов қайтарымсыз грант ұтып, өзінің сүйікті кәсібімен (шаштараз) айналысып келеді.

Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығының ұсынысына сәйкес мемлекеттен қаржылай қолдау тапқан "Сән ROOM" шаштаразының иесі, жас кәсіпкер қайырымдылық шарасына үлес қосып, көп балалы отбасы мүшелері, зейнеткер және мүмкіндігі шектеулі жандарға бір күн бойы тегін қызмет көрсетті.

Күні бойы халыққа тегін қызмет көрсеткен жас кәсіпкерге кент тұрғындары өз ризашылықтарын айтып, отбасына амандық, кәсібіне береке тіледі.

"Жақсылық жасап жарысайық",- деп ұрандатқан жас кәсіпкердің игі бастамасына орталық тарапынан да алғыс айтылып, сый-құрмет көрсетілді.

Сырдария аудандық
жастар ресурстық орталығы
09 қараша 2022 ж. 238 0