Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Шағын және орта бизнесті дамытуда

Шағын және орта бизнесті дамытуда

Бүгінде 215 отбасы түтін түтетіп отырған Қалжан ахун ауылында 53 кә­сіпкерлік субъектісі бар. Оның ішінде 38 жеке кәсіпкер, 15 шаруа қожалығы ауыл халқына қызмет етуде.

Елді мекенде мемлекетттік бағдарлама шеңберінде кәсібін кеңейткен азаматтар жет­кілікті. Мәселен, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 7 млн. теңгені құрайтын мал шаруашылығы бойынша екі жоба қар­жыландырылған. Аталған бағдарламаның «Өңір­лік инвестициялық орталығы» арқылы МҚҰ ЖШС-не 6 млн. теңге «Пескоблок» жасау үшін берілген. Стартап жаңа бизнес идеяларына грант бөлу тетігі бойынша 9 адам қатысып, 4,9 млн. теңгенің жеңімпазы атанған. Атап айтқанда, негізгі жобаға қой шаруашылығы, компьютерлік қызмет, визажист, мал шаруашылығы бойынша жеке кәсіп­керлер тартылған.

Балтабай ОРДАБЕКОВ 

24 ақпан 2021 ж. 637 0