Ардагерлер сайлауда бата беріп, елдің бірлігін тіледі
Айдарлы ауылдық округінде орналасқан №171 сайлау учаскесінде ауыл тұрғындарының белсенділігі мен көңіл-күйі жоғары. Бәрі де ел болашағының жарқын болуына сенімді.
Мемлекеттік аясында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға және олардың азаматтық ұстанымын жандандыру мәселелері бойынша өзіндік ұстанымдары бар ауыл ақсақалдары мен әжелері сайлау учаскесінде шашу шашса, ақсақалдар батасын берді.
Саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнап, білім мен ғылымды жанына серік еткен абыздар зейнеткерлікке шықса да қоғамдық істерден қол үзбей елдегі жаңалықтардан хабардар болып жүреді екен. Әр үміткердің сайлауалды бағдарламасымен танысқан абыздар өз таңдауларын жасап, сайлау учаскесі комиссиясының сый-сияпатына ие болды.
«Бүгінде ешкімнен кем емеспіз, еліміз тыныш, қарнымыз тоқ. Шүкіршілік етуіміз керек. Әрбір игі бастамада халық болып, демеу жасау – азаматтық парызымыз.
Біз өз таңдауымызды жасадық. Елдің ертеңі үшін дауыс бердік. Дамыған қоғамда ешқандай мұқтаждықсыз өмір сүру үшін ауыл-аймағымызды белсенділік танытып, сайлауға қатысуға атсалысып жүрміз» дейді Айдарлы ауыл ардагерлері.