Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Айдарлы жастары да сайлауда белсенділік танытуда

Айдарлы жастары да сайлауда белсенділік танытуда

Республикадағы барлық сайлау учаскелері секілді Айдарлы ауылдық округіндегі сайлау учаскелері таңғы сағат 07:00-де өздерінің жұмысын бастады. Әрбір сайлау учаскесінде заң талаптары мен республикалық орталық сайлау коммиссиясы бекіткен ережеге сай сайлаушыларға барлық жағдай жасалған.

ҚР Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында ауылда сайлау құқығы бар жастары сайлау учаскесінде белсенділік танытуда.

«Әлемдік аренада өзіндік орны бар еліміздің Президентін таңдау – үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан да, әрбір азамат, әрбір жас саналы түрде кандидаттарды ой елегінен өткізіп, бүгінін емес болашағын ойлап таңдау жасаулары тиіс. Еліміздің болашағының жарқын болуы – ол біздің, ұрпақтарымыздың болашақтарының жарқын болуы» дейді Айдарлы ауылы жастары. Ел болашағы үшін әрбір азамат дауысы маңызды. 

– Бүгін егемен ел үшін айтулы күн болды. Тұрғындардың таңнан бастап белсенділік танытқанына қуаныштымын. Биыл алғаш рет дауыс бердім. Бұл мен үшін есте қалар ерекше сәт. Сайлауға дауыс беруге келгенде ең алдымен еліміздің тыныштығын, тұрақтылығын ойладым. Халқымыз бейбітшілікте, молшылықта өмір сүрсе, дамыған елдердің қатарына қосылса деген арманым бар, – дейді ауылдың белсенді жасы Нұрила Кеңесары.
20 қараша 2022 ж. 327 0