Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сайлауға бар, таңдау жаса!

Сайлауға бар, таңдау жаса!

Кезектен тыс өткізілгелі жатқан Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы да жақындап қалды. Орталық сайлау комиссиясынан бөлек, барлық өңірлерден аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары құрылып, жалпыхалықтық дауыс беруді дайындау және өткізу мәселелері пысықталып жатыр. Мақсаты – сайлаушылардың тізімдерін нақтылау, ұйымдастыру, материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету, мүмкіндігі шектеулі жандарға сайлауға қатысуға жан-жақты жағдай жасау, сайлау бюллетеньдерін қадағалау сияқты әзірлік жұмыстарымен танысу.

Әрине алдағы сайлауға қатысу немесе қатыспау және таңдау жасау еліміздің әрбір азаматының өз еркінде. Әйтсе де, біз үміткерлерді таңдау арқылы еліміздің болашағын қалыптастыратынымызды ұмытпағанымыз жөн. Сондықтан алдағы саяси науқан барысында барынша саяси ахуалды сараптап, болашақты бағамдап, белсенділік таныту әрбірімізге жүктелген жауапкершілік екенін естен шығармайық. Өйткені біз осы сайлауда құқығымызды пайдалана отырып, жасаған таңдауымыз арқылы бір адамның емес, бір елдің келешегіне жол ашамыз. Ол біз үшін ғана емес, ертеңгі ұрпағымыз үшін керек. Әділетті, жаңа Қазақстанда барлығы халық таңдауымен ғана шешілетініне сенеміз. Әрбіріміздің дауысымыз маңызды және бұл – біздің азаматтық парызымыз.

Ермаханов Сапар
белсенді жас

18 қараша 2022 ж. 215 0