Ақ халатты абзал жандар ел болашағына сеніммен қарайды
Медицина саласының ардагері Рүстем Садықұлы әр сайлауда дауыс беруге асқан жауапкершілікпен келетіндігін айтты.
Бұл жолы ардақты ардагер кезектен тыс ҚР Президент сайлауына ұлы мен келінін ерте келіпті. Гиппократ антына адал медицина саласының ардагері ел азаматтарының сайлауға қатысуын жоғары бағалады. Осы кезге дейін бірнеше сайлауға қатысқан ардагер бүгін сайлау жөнінде пікір білдірді.
– Біз елімізді экономикасы тұрақты, болашағы зор, аяғынан нық тұрған мемлекет деп сеніммен айта аламыз. Қашанда Сырдария ауданының халқы сайлауды назардан тыс қалмайды. Мысалы, осында келіп жатқан халықтың қарасы қалың. Көршілеріміз де, өз таңдауларын жасауда. Қандай керемет?! Еліміз қарыштап дамуы үшін, алпауыт елдер қатарына қосылу үшін біз өз таңдауымызды жасадық. Отбасымыз еліміздің тыцныштығын қалайды, – дейді ардақты ардагер.
Тереңөзек кентінің тұрғындары 4 сайлау уаскесінде дауыс беруге келуде. Бақылаушылар кент тұрғындарының белсенділігін жоғары бағалауда. Кешкі 8-ге дейін жерігілікті халық өз таудауларын жасайтын болады. Айта кетейік, үйден тапсыратын жандарға арнайы көлік пен мамандар бөлінген. Кез келген адам таңдау жасай алады. Заң аясында барлық сайлаушының құқығы қорғалады.