Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Медицина мамандары саяси науқанға үн қосты

Медицина мамандары саяси науқанға үн қосты

Бүгін кезектен тыс ҚР Президент сайлауында№156 сайлау учаскесіне келген медицина саласының мамандары, ерлі-зайыпты Қалдыбек Жұмабеков пен Манат Оразбаева дауыс берді.

 – Бүгінгі күн егемен еліміз үшін маңызды. Яғни, Президент сайлауы өтіп жатыр. Сайлау еліміздің алдағы дамуының бағыт-бағдарын айқындайды. Біздің еліміз үшін соңғы жылдары оңай болмады.  Қай кезде де, медицина мамандары кезектен тыс ҚР Президент сайлауын назардан тыс қалдырмайды. Зайыбым екеуміз алғашқылардың бірі болып дауыс бергенімізге дән ризамыз. Басқада отбасы мүшелері өз таңдауларын жасайтын болады. Ел болашағын ойласақ, саяси науқанға белсене араласқан дұрыс. Біздің әріптестерімізде белсенділік танытуда. Осында келгенімізде салала мамандарының көптеп келіп жатқандығын көріп, шын қуандық. Туған күн иелеріне, алғаш дауыс бергендерге сыйлық берілуде. Еліміз тыныш, жұртымыз, аман болсын, – дейді медицина саласының маманы Қалдыбек Жұмабеков.

Ақ халатты абзал жандар саяси науқан барысында өз үлестерін қосты. Сонымен бірге, олар әріптестерін дауыс беруге шақырды. Қазіргі уақытта Тереңөзек кенті бойынша 4 сайлау учаскесі жұмыс жасауда. Барлығы заң аясында жүргізілуде.
20 қараша 2022 ж. 184 0