Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғасыр куәгерін құттықтады

Ғасыр куәгерін құттықтады

Халықаралық қарттар күніне орай аудан әкімі М.Ергешбаев ғасыр куәгері, Ұлы Отан соғысының ардагері, «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» Яхия Тасыровты мерекемен арнайы барып құттықтады.

Биыл ғасыр белесіне шыққан батагөй ақсақал кезекті мерекені қуанышпен қарсы алып отыр. Аудан басшысы соғыс және еңбек ардагерінің үіне барып, мерекелік құттықтауын жеткізді.

– Біз қариясын қадірлеген елміз. Қандай іс бастайтын болсақ алдымен алдыңғы буын өкілдерімен ақылдасып, сол кісілердің ақ батасын аламыз. Аудандағы кез келген ауқымды істе, мерекелік жиындарда Өзіңізден бата алу үрдіске айналды. Бізге бейбіт өмірді сыйлап, сол жолда аянбай еңбек еткен Сіздердей қарияларға шынайы алғысымыз шексіз. Кейінгі жастарға үлгі етерлік Сіздердей қазыналы қарияларымыз барда еліміз дамуы қарқын ала бермек. Сізге зор денсаулық, отбасыңызға бақ-береке тілеймін, – деген аудан әкімі ардагерге сый-құрмет көрсетті.

Ғасыр куәгерін аудан әкімімен бірге аудандық мәслихат хатшы­сы Е.Әжікенов, аудандық ар­да­герлер кеңесінің төрағасы М.Келдібаев, «Амаnат» партиясы ау­дандық филиалының ат­қарушы хатшысы Е.Жа­қып, аудандық мәслихат депутаты А.Ибрагимұлы да мерекелік құттықтауларын жеткізді. Өз кезегінде ауданның құрметті қариясы ақ батасын берді.

«ТТ» ақпарат
01 қазан 2022 ж. 418 0