Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Басты мақсат – халыққа адал қызмет ету

Басты мақсат – халыққа адал қызмет ету

«Полиция қызметкерлерінің басты мақ­са­ты – халыққа адал қызмет ету». Бұл туралы облыстық полиция департаменті­нің бастығы Мұхтар Қожабаев Сырдария ауда­нына жасаған жұмыс сапарында айтты. Құқық қорғау органының басшысы сондай-ақ тәртіп сақшылары ардагерлермен, зиялы қауым өкілдерімен бірлесе жұмыс істеп, халыққа жақын болуы тиіс екенін атап өтті.

Көшпелі мәжіліске аудан әкімі Мұрат Ергешбаев төраға­лық етті. Жиынға аудан прокуроры Асқар Кемалов, аудандық мәслихат хатшысы Ержан Әжікенов, облыстық мәслихат депутаты Расул Есенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төр­ағасы Мұса Келдібаев, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Марат Еспенбетов және полиция қызметкерлері қатысты.

– Мемлекет басшысының «Адамдар полиция қызмет­керлерін өздерінің қорғаушысы ретінде танып, өз қауіп­сіз­діктерін сезінулері тиіс» деген сөзі халық алдында адал қызмет етуге ант берген қатардағы әрбір тәртіп сақ­шы­сына үлкен жауапкершілік жүктейді. Өйткені, еліміз үшін адам өмірінің қауіпсіздігі әркез басты назарда. Поли­ция қызметкерлерінің негізгі міндеті – халық сенімін ақтап, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бос­тан­дықтарын қорғау. Мұның бәрі отансүйгіштіктен, елге адал қызмет етуден бастау алады. Осы орайда, ел дамуында өзіндік орны бар маңызды сала жұмысына қолдау көр­сету, атқарылып жатқан жұмыстарды саралау, жоспарлы жұмыстарды бірлесе атқару үшін кеңейтілген мәжіліс өт­кізілуде. Мәжілістің өтуіне бастамашы болған облыстық полиция департаментінің бастығы Мұхтар Аманқұлұлына алғысымды білдіремін, – деді аудан әкімі.

Мұнан кейін аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұрлан Ибраевтың есебі тыңдалды. Бөлім бастығы аудандағы қыл­­мыс­тық ахуалға кеңінен тоқталып, жыл басынан бері тіркел­ген қылмыс деректері мен олардың ашылу барысын баяндады.

– Аудандық полиция бөлімінде 77 штаттық бірлік енгі­зілген. Оның 70-і орта және аға басшы құрам болса, 7 азамат қатардағы және кіші басшы құрамға кіреді. Аудан бо­йынша барлығы 15 учаскелік полиция пункті болса, Сырдария аудандық полиция бөлімінің теңгерімінде 3 тірек пункті бар.

2022 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша жалпы саны 77 қылмыс тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,3 пайызға төмен көрсеткіш. Деген­мен, ауданда ауыр жә­не аса ауыр санаттағы қылмыстар 28 пайызға өсім алған. Қылмыстардың ашылу көрсеткіші өткен жылмен са­лыс­тырғанда 18 пайызға жақсарса, ауыр емес және орта дәре­жедегі қылмыстар саны 6,1 пайызға азайған. Кісі өлімі, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, алаяқтық, тонау, бұзақылық, мал ұрлығы қылмыстарында өсім бар. Сәй­кесінше, ұрлық, пәтер мен ұялы телефон ұрлығы, есірткі қылмыстары азайған. «Е – қылмыстық іс» базасында тіркел­ген 77 қылмыстық істің қазіргі таңда 43-і аяқталса, 16 қыл­мыс­тық істің мерзімі үзілген. Ал қалған 18 қылмыстық іс өндірісте, – деді аудандық полиция бөлімінің бастығы Н.Ибраев.

Бөлім бастығының айтуынша, есепті мерзімде мал ұрлы­ғы қылмыстарының 12 дерегі тіркеліп, бұл өткен жылмен са­лыс­тыр­ғанда 100 пайызға өскен. Бүгінде оның 8-і ашылып, 4-і бойын­ша тергеу, анықтау жұмыстары жүргізілуде. Ал алаяқтық қылмыстар бойынша 4 дерек орын алған. Оның бірде бірі ашылмаған. Сондай-ақ есірткі қылмыстарына қар­сы күрес шара­­лары да қарқынды жүргізілуде. Биыл аудан бойынша 8 есірткі қылмысы тіркеліп, оның 3-і ашылған, 5-і бойынша тергеу жұмыстары ұйымдастырылуда. Бұл 8 деректің 7-і далалық жерден, 1-і үй ауласынан анықталып отыр. Далалық жерден анықталған есірткі алқаптарының 2-і «МИ-8» тікұшағымен, 6-ы жедел мәліметпен анықталғанын айтып өтуіміз керек.

– Жыл басынан бері учаскелік полиция инспекторлары 1241 әкімшілік құқық бұзушылық деректерін анықтады. ҚР «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңының талаптарына сай тұрмыстық ортада құқық бұзушылық жасаған азаматтарға қатысты 66 қорғау нұсқамасы қабылданды. Ау­дан­дық сотпен 17 құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талап белгіленсе, еріксіз емдеу мекемесіне 3 азамат жат­­қы­зылды. Жыл басынан бері 4 азамат маскүнем ретінде бө­лім­нің тізімдік есебіне алынды. Жол апаттары бойынша айтар болсақ, есепті мерзімде жол көлік оқиғалары 30%-ға, дене жарақаттарын алғандар 25,9%-ға, қаза тап­қандар 25%-ға төмендеген. Жол апаттылығына тіке­лей әсер ететін жол қозғалысы ережесін өрескел бұзушы­лар­ды анықтау ба­ғытында «Қауіпсіз жол», «Автобус», «Құ­қық тәртібі» тақы­рыбында іс-шаралар өткізілді. Нәти­жесінде, мас күйінде кө­лік басқарған 19 жүр­гізуші анықталып, аудандық сот арқылы тиісті шаралар қабыл­данды, – деді Н.Ибраев.

Бөлім бастығы бейнебақылау камералары мен бағдаршам орнатудың маңыздылығына тоқталып, полиция бөлімінің бір­қатар ұсынысы аудан әкімдігі мен аудандық мәслихат тара­пынан қолдау тапқанын айтты. Сондай-ақ қылмыстың алдын алу бағытындағы жұмыстар жалға­сатынына тоқталып, сол арқылы полицияның он имиджін қалыптастыру ортақ мін­дет екенін жеткізді.

Мұнан кейін облыстық полиция депар­та­ментінің бастығы Мұхтар Қожабаев сөз алып, аудандағы кримоногендік ахуалға бай­ланысты әзірленген ақпараттармен бөлісті.

– Халқымызда «Полиция – халық қор­ғаны» деген қанатты сөз бар. Сол қанатты сөз­дің қадірін, жауапкершілігін әрбір құқық қор­ғаушы терең сезінуі тиіс. Біздің алдымызға қазір министрлік тарапынан негізгі бір міндет қойылып отыр. Ол – халыққа адал қызмет ету. Адал қызмет етер болсақ, қылмыс азаяды, қо­ғамдық тәртіп бұзу деректері тіркелмейді. Ол үшін елмен етене жұмыс істеу керек. Ардагерлермен, зиялы қауым өкілдерімен, үкі­мет­тік емес ұйым мүшелерімен, жастармен бірлесе жұмыс істейтін болсақ, нақты нә­ти­жеге жетеміз. Сондықтан аудандық полиция бөлімінің жеке құрамына қоғамдық тәртіп­ті сақтау, азаматтардың конституциялық құқық­та­рын қорғау, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және құқықтық кеңес беру, түсіндірме жұмыстарын жүргізу шараларын күшейтуді тап­сы­рамын. Біздің жұмысымызға аудан әкім­дігі тарапынан қолдау көрсетіледі деп сенемін. Әсіресе, бейнебақылау камераларын орнату жұмысын қолға алатын кез келді, – деді департамент бастығы.

М.Қожабаев сондай-ақ аудан бойынша соңғы жылдары өсім алған қыл­мыстарға арнайы тоқ­талып, оның әрқайсының артында адам тағды­ры тұрғанын айтты. Сондықтан жұ­мыс нәти­жесін жыл соңына дейін жақсарту қа­жет­тігін қаперге салды. Мұнан бөлек қоғамдық тәртіпке жауапты жеке құрамның әрбір мүшесі өз ісінде жауапкершілікті сезінуі тиіс екенін айтып, қажет болса, бір мезетте-ақ маңызды кадрлық шешімдер қабылданатынын тілге тиек етті.

Өз кезегінде аудандық ардагерлер кеңе­сінің төрағасы М.Келдібаев сөз сөйлеп, елі­міздегі сая­си реформаларды сапалы жүзеге асыру үшін құқық қорғау органдарына қауіп­сіздікті қамтамасыз етуге көп мін­дет жүктеліп отырғанын айтты. Полиция бө­лімінің жұмысын жоғары бағалап, тәртіп сақ­шы­ларының қыз­метіне сәттілік тіледі.

Мәжіліс соңында департамент бастығы М.Қожабаев аудан әкімі М.Ергешбаевқа, ау­дан­дық мәслихат хатшысы Е.Әжікеновке, об­лыстық мәслихат депутаты Р.Есеновке «Қа­зақстан полициясына – 30 жыл» мерекелік медалін табыстады.

Іссапар барысында М.Қожабаев қызмет бабында қайтыс болған еліміздің қаhарманы, IІ дәрежелі «Айбын» орденінің иегері Талғат Қозыбаевтың шаңырағына арнайы барып, батыр ұлды тәрбие­леген Есентай ағаға сәлем берді. Сонымен қатар аудан әкімімен бірге №131 Т.Қозыбаев атындағы орта мек­тебінің аула­сындағы ескерткіш-бюстке гүл шо­ғын қо­йып, мектеп ішіндегі қаһарманның мұ­ра­жа­йымен таныс­ты. Орта мектеп ди­рек­торы А.Әлиева мектепке есімі берілген ба­тыр­дың ерлігі мен еңбегін дәріптеу мақса­тын­да атқарылған патриоттық іс-шара­лармен таныс­тырды.


Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ
17 қыркүйек 2022 ж. 330 0