Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Нұрлан ИБРАЕВ, аудандық полиция бөлімінің бастығы: ауданда қылмыс деңгейі 28,6 пайызға төмендеді

Нұрлан ИБРАЕВ, аудандық полиция бөлімінің бастығы: ауданда қылмыс деңгейі 28,6 пайызға төмендеді

Аудан әкімі Талғат Дүйсебаевтың төрағалығымен жедел кеңес өтіп, онда аудандық полиция бөлімі бастығының 2020 жылы атқа­рыл­ған жұмыстар есебі тыңдалды. Жиынға аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, «Nur otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары е.жақып, облыстық мәслихат депутаты р.есенов, облыстық полиция депар­таментінің бастығы Б.Сұлтан, Сала ардагерлері мен қыз­меткерлері қатысты.

Жедел кеңесті ашқан аудан әкімі қоғамдық қауіпсіздік құқық қорғау қызметкерлерінің қы­рағылығына байланысты екенін атады.

– Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Адамдар полиция қызметкерлерін өздерінің қорғаушысы ретінде танып, өз қауіпсіздіктерін сезінулері тиіс» деген сөзі халық алдында адал қызмет етуге ант берген қатардағы әрбір тәртіп сақшысына үлкен жауапкершілік жүктейді. Өйткені, еліміз үшін адам өмірінің қауіпсіздігі қашанда басты назарда болғандықтан, полиция қызметкерлерінің басты міндеті – халық сенімін барынша ақтап, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Сон­дықтан полиция қызметкерлерінен жоғары жа­­уап­кершілік талап етіледі, – деді аудан басшысы.

Жиынның күн тәртібіне сәйкес, аудандық полиция бөлімінің бастығы Н.Ибраев есеп берді. Бөлім бастығы өткен жылы атқарылған жұ­мыстарға тоқталды.

– Полиция қызметінің негізгі бағыттарының бірі – қылмыстылықтың алдын алу мен қоғам­дық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Осыған орай атқарылған профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде, 2020 жылы ауданда жалпы қылмыстың дең­гейі 28,6 пайызға төмендеді. Оның ішінде, ауырлығы онша емес және орташа ауыр санатындағы қылмыс түрлері 58,7 пайызға, ауыр және аса ауыр қылмыстар 266,7 пайызға, ауырлығы орта дәрежелі қылмыстар 66,7 пайызға, сондай-ақ жекелеген қылмыстардан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру 50 пайызға, алаяқтық қылмысы 66,7 пайызға, бөтен мүлік ұрлығы 58,7 пайызға, пәтер ұрлығы 60,9 пайызға, мал ұрлығы 23,3 пайызға азайды. Ал көшеде жасалған қылмыстар 20 пайызға, мас күйінде жасалған қылмыстар 9,5 пайызға, топтасып жасаған қылмыстар 112,5 пайызға, бұрын сотты болғандар жасаған қылмыстар 10,4 пайызға, атыс қарумен жасалған қылмыстар 100 пайызға және жасөспірімдер жасаған қылмыстар 40 пайызға өсім алып отыр. Жалпы, полиция бөлімі қызметкерлерімен 3101 әртүрлі құқық бұзушылықтар анықталып, 10 млн. 501 мың 168 теңгесі өндірілді, – деді Нұрлан Мерғалиұлы.

Сондай-ақ бөлім бастығы басқа салалардағы атқарылған жұмыстар есебін берді. Мәселен, аудан көлемінде өткен жылдың 23 жол-көлік оқиғасы орын алып, 15 пайызға өссе, қаза болғандар 6,3 пайызға, әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға көрінгендер 45,1 пайызға азайған. 23 жол-көлік оқиғасы салдарынан 13 адам қаза тапқан. Патрульдік полиция тобының қызметкерлерімен қылмыс ашу үлесі өткен жылмен салыстырғанда 3,4 пайызға жоғарылапты.

Азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау саласы бойынша былтырғы жылы өткізілген «Қару» акциясы кезінде 11 тұрғыннан өтініш түсіп, барлығы 16 дана тегіс ұңғылы аңшы мылтығы қабылданған. Ал жедел профилактикалық іс-шаралары кезінде полиция қызметкері 54 құқық бұзушылықты анықтап, тиісті шаралар қабылданған.

Есепті баяндамада полиция полковнигі аудандағы учаскелік полиция инс­пекторлары жұмысын да саралады. Өткен жылы учаскелік полиция инспектормен жалпы 1663 құқық бұзушылық анықталып, сот арқылы 8 тұлғаның жүріс-тұрысына ерекше талап белгіленген. 3 тұлға сот арқылы еріксіз емдеу мекемесіне орналастырылған. Ал төтенше жағдай кезінде учаскелік полиция инспекторлармен карантин режимінің талаптарын бұзған 41 дерек анықталып, барлығына әкімшілік хаттамалар рәсімделген.

2020 жылы мал ұрлығы 23,3 пайызға төмендеген. Десе де бұл бағытта жұмысты жандандыру керектігін атап өтті полиция бөлімінің бастығы. Ал керісінше, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың саны 40 пайызға өскен. Жыл басынан бері ювеналды полиция тобымен 170 әртүрлі құқық бұзушылықтар анықталып, барлығына тиісті шаралар көрілген. Ювеналды полиция тобының қызметкерлерімен қылмыс ашу үлестері 14,8 пайызға жоғарылап отыр.

Хабарлама қорытындысында Н.Ибраев: «Аудандық полиция бөліміне жүк­телген міндеттерді жүзеге асыру барысында халықпен бізге берілетін баға біз үшін қашан да маңызды екенін ескеріп, полицияның оң имиджін қалыптастыруда барлық күш-жігерімізді салып, аянбай қызмет атқарамыз дегім келеді. Ауданның тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында халықтың сенімінен шығуға барлық мүмкіндікті пайдаланып, жұмыс атқарамыз деп сенім білдіремін» деді.

Жедел кеңес барысында учаскелік полиция инспекторлары өткен жылы атқарған жұмыстары жөнінде баяндады.

Жиында облыстық полиция департаментінің бастығы Б.Сұлтан сөз сөйлеп, аудандық полиция бөлімі жұмысын оң бағалады. Дегенмен, қоғамдық қауіпсіздікті сақтауда бірқатар мәселе бар екенін атап, солардың шешім табуына бірлесе жұмыс жасалатынын айтты. Әсіресе, мал ұрлығына тосқауыл қойып, әртүрлі санаттағы қылмыстарды болдырмауға қатысты ұсыныстарын жеткізді. Оның ішінде, кент және елді мекендерде бейнекамералар санын көбейту керектігін назарға салды.

Аудандағы қылмысты азайтуға қатысты аудан әкімі Т.Дүйсебаев шешілуі тиіс мәселелерді қозғады. Аудан басшысы жол-көлік оқиғаларынының алдын алуға қатысты нақты шаралар қабылдауымыз қажеттігін тілге тиек етті. Оған қоса, кейбір елді мекендерде учаскелік полиция қызметкерлерінің ауысымдылығы өте жоғары екеніне тоқталып, оларды тұрақтандыру мәселесіне мән беруді айтты. Сонымен қатар аудандық полиция бөлімінің материалдық-техникалық базасының нығайтылуына көңіл бөлінсе деген ұсынысты да жеткізді.

Жедел кеңес барысында жиынға қатысушылар тарапынан ұсыныс-пікірлерлер айтылды. Пікір білдушілердің ішінде Шіркейлі ауылдық қоғамдық кеңес төрағасы Қанатбек Әбілқасым полиция қызметкерлерінің жұмысына оң баға беріп, қо­ғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген сақшыларға өлең-жырын арнады.

Е.ЖАППАРБЕК
03 сәуір 2021 ж. 795 0