Тест: "Суреттен нені байқадыңыз?"
Мінез - адам болмысының көрсеткіші. Бір адамның бойында үш мінездің болатындығын кезінде Абай атамыз айтып кеткен еді. Ал сіз өзіңіздің қандай адам екеніңізді білесіз бе? Білмеген жағдайда суреттен өзіңізге ұнаған суретті таңдап, артынша тест жауаптарын оқыңыз.
1. Жомарт әрі адамгершілігі мол
Сіз кемел тұлға болуға ұмтыласыз. Аздаған тәкаппарлығыңыз да бар. Адамдармен қарым-қатынас жасауыңыз өте қиын. Кейде мінезіңізді өзіңіз де түсінбей жатасыз. Жұмысты жан-тәніңізбен беріліп істейсіз. Адамзатқа ортақ мүдде үшін қызмет жасағыңыз келеді. Біреуге бірінші болып тиіспейсіз, бірақ тиіскенді оңдырмайсыз. Махаббат атаулы құдіретті сезімнің алдында бас иесіз. Сіздің еңбегіңізге шынайы бағасын беретін жандар өте аз.
2. Шынайы әрі тез еліктегіш жан
Өзгелерді қамқорлыққа алуды жақсы көретін, жауапкершілігі мол адамсыз. Мінезіңіз де жайдарлы. Адамдардың сеніміне оңай ие боласыз. Жылдам қозғалып, әрдайым көтеріңкі көңіл-күймен жүресіз. Әңгіме мен «соңғы жаңалықтарды» айтудың шеберісіз.
3. Ойлануды жақсы көретін ақылды адам
Ойшыл адамсыз. Бұл өмірдегі басты құралыңыз – ойлау қабілетіңіз бен жаңа идеялар. Тыныштықта жатып ойланғанды жақсы көресіз. Білімге құмар жандармен тез тіл табысасыз. Өзімшілдіктен аулақсыз. Адамгершілік жайында көп ойланасыз. Тіпті, уақытыңызды артық шығындайсыз деуге келеді. Дұрыс жолдан адаспау үшін бүкіл адамзатқа қарсы тұруға дайынсыз.
4. Сезімтал әрі философ
Жер бетінде сіз секілді адамдар өте сирек кездеседі. Өзіңізге ұқсайтын жандарды табу да қиын. Көп жағдайда өз ойыңызды жеткізе алмай қиналасыз. Сізге жеке кеңістік қажет. Шығармашылығыңызды ешкімнің пікіріне қарамастан, дамыта түсуге тиіссіз. Ақ пен қараны дұрыс ажырата білесіз. Өте сезімталсыз, айналадағының барлығын жүрегіңізге жақын қабылдайсыз.
5. Өзіне сенімді және тізгін ұстағанды жақсы көретін жандар
Сіз тәуелсіз тұлғасыз. Ешкімнің қолына қарап жалтақтамайсыз. «Барлығын өзім жасаймын» деген өмірлік ұстанымыңыз бар. Өз күшіңізге ғана сенесіз. Бұл өмірде не қалайтыныңызды, қандай мақсаттарға ұмтылатындығыңызды жақсы білесіз. Ал айналаңыздағы адамдардан сізге адал болуын ғана талап етесіз. Сіз тәтті өтірікке қарағанда, ащы шындықтың дәмін татуға әзірсіз.
6. Мейірімді әрі сезімтал
Адамдармен қарым-қатынасқа оңай түсесіз. Достарыңыз көп әрі оларға әрдайым көмектесуге дайын тұрасыз. Адамдар сіздің жаныңызда болғаныңызды ұнатады. Сіз күн сайын жақсы бола түсудің амалын ойластырасыз. Айналадағылар үшін қызықты болғыңыз келеді. Өзгелердің махаббатына бөленуді жақсы көресіз. Сізді жақсы көрмейтін жандарды да қамқорлығыңызға алуға дайынсыз.
7. Бақытты да сабырлы
Сіз сезімтал әрі барлығын оңай түсенетін жансыз. Өз пікіріңізді білдірмес бұрын, мұқият тыңдап аласыз. Адамдарға сын көзбен қарамайсыз. Бұл өмірде әр адамның өз жолы бар деп ойлайсыз. Өзгерістерді жақсы көресіз. Күйзеліске оңай төтеп бересіз. Ашуланатын сәттеріңіз сирек кездеседі. Күнделікті тұрмыста жайбарақат жүретін адамсыз. Үнемі дұрыс шешім қабылдайсыз.
8. Сүйкімді әрі энергияға толы
Сіз жарқын жүзді, әрдайым көтеріңкі көңіл-күймен жүретін адамсыз. Аздаған ұшқалақтығыңыз да бар. Қандай іс болмасын кірісіп кетуге дайын тұрасыз. Адамдарды үнемі таң қалдырып жүресіз. Бұл - сіздің қаныңызға сіңген қасиет. Барлығына қызығасыз, оңай таңырқайсыз. Қызыққаныңызды меңгеріп алмайынша тынышталмайсыз.
9. Өмірде жолы болғыш әрі нағыз оптимист
Өмірді өзіңізге тарту еткен сый деп түсініп, әрбір сағатын пайдалы істермен ғана толтырғыңыз келеді. Өмірде жеткен жетістіктеріңізге ризасыз. Сүйген адамдарыңызбен қуанышты да, қайғыны да бөлісуге дайынсыз. Өмірге деген көзқарасыңыз да ерекше. Өсіп, білім алу үшін кез келген мүмкіндікті пайдаланасыз. Сіз әлемдегі ең бақытты адамдардың қатарындасыз.
Пікір 1