Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімінің мерекелік құттықтауы

Аудан әкімінің мерекелік құттықтауы

Ардақты ағайын!
Құрметті аудан тұрғындары!
Баршаңызды егемен елі­міз­дің ең басты мереке­сінің бірі – Қазақстан Респуб­ликасының Конституциясы кү­німен шын жү­ректен құттық­таймын!

Өздеріңізге белгілі, Тәуелсіздік – халқымыз үшін ең қастерлі де, қасиетті ұғым болса, сол ұғым­ның түпкі негізі – мемлекеттің бір­тұ­тастығына тікелей байла­ныс­­ты. Ал Конституция – мем­лекет­тің іргетасын бекітумен қатар әлеу­меттік-экономикалық, қо­­ғам­­дық-сая­си дамуының басты бағ­да­ры. Сон­дықтан халық даналы­ғында «Заң бар жерде тәртіп те, тәрбие де, тағылым да бар» деп бекер ай­тыл­маған.

Тамыры терең тарихымызға көз жүгіртер болсақ, еліміз талай сындарлы кезеңдерді артқа тас­та­­ғанын анық аңғарамыз. Біздің бас­қару жүйеміз Қасым ханның «Қасқа жолы» мен Есім ханның «Ескі жолынан» бастау алып, Тәу­ке ханның «Жеті жарғысына» жал­ғасады. Мұнан бөлек қара қыл­ды қақ жарған билеріміз бен әділ­дік пен адалдықты ту еткен қолбас­шыларымыздың ұстанған заңдар жиынтығы бекем бірлігіміз бен көр­кем тірлігіміздің негізі болды. Бүгінгі дамыған замандағы заң­дар жүйесінің ескі замандағы нұс­қа­ларының бәрі тарихта алтын әріппен таңбаланды. Ал Ұлы Дала заңы – терең зерттеу мен зер­делеуді қажет ететін, ұрпақтан-ұр­паққа мирас етуге жарайтын қас­тер­лі құндылық, баға жетпес өнеге мектебі.

Конституция қабылданып, жал­пы­халықтық қолданысқа енгі­зіл­геннен бері еліміз дамудың талай белестерін артқа тастады. Шекарамыз шегенделіп, жаңа облыс­тар құрылып, жаңа қалалар салынып, мыңдаған нысандар бой көтерді. Халқымыз алыс-жақын елдермен әріптестік байланыс орнатып, әлемдік деңгейдегі ауқымды іс-шаралар өткізілетін бірегей алаңға айналды. Алпауыт елдердің Қазақстан мен оның халқына деген сенімі артып, елімізге тартылған ин­вестиция көлемі жүздеген есеге артты. Бір сөзбен айтқанда, Заң үстемдігі – әлеуметтік-эконо­ми­калық, қоғамдық-саяси дамуы­мызға тікелей ықпал етті.

Тәуелсіздікке қол жеткізген 30 жылдан астам уақыт ішінде қасиетті Сыр елі, оның ішінде құт қонып, бақ дарыған Сырдария ауданы да кемел келешекке, өрлеу мен өркендеуге бет бұрды. Ауданымыздың эконо­микалық-әлеуметтік бет-бейнесі қа­лыптасып, нығаю үстінде. Жыл өткен сайын ауданымыздың ажары артып, аудан орталығы мен ауыл­дарда жаңа нысандар бой көтеруде. Мемлекет қаржысы есе­бінен салынған әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер салтанатты түрде пайдалануға берілуде. Бірлігі жарасқан аудан халқының игілігі үшін жасалатын мұндай жұ­мыс­тар алдағы уақытта да жал­ғасатын болады. Ең бастысы, осындай өмір­шең істердің бастауында біздің Ата Заңымыз және Заңға бағы­на­тын, тәртіпке бас иетін халқы­мыз тұр­ғанын атап өтуіміз қажет.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жылдың басында болған еліміздегі ірі саяси рефор­малардың қорытындысында «Ата заңға өзгерістер енгізу реформа­ларымыздың соңғы сатысын емес, енді басталғанын білдіреді. Біз елі­мізді жан-жақты жаңғыртуды жал­ғастырамыз. Жаңартылған Конституция негізінде биліктің барлық институты қызметінің мейлінше тиімді моделін қалыптастырамыз» деген болатын. Жаңа Қазақстан құрудағы бұл бастаманы жүзеге асыру – бә­рімізге ортақ міндет. Сондықтан «Кеңесіп пішкен тон келте болмайды» демекші, бірлікпен, ынты­мақ­пен ауданымыздың дамуын іл­ге­рілетуіміз қажет. Шын мәнінде, еліміздің тағдыры – әрқайсымыздың қолымызда, Заңға бағынып, құр­метпен қарауымызға тікелей байланысты.

Құрметті қауым!
Атақты Білге қаған «Заң жоқ жерде ештеңе жоқ» десе, Тоны­көк бабамыз ел билеу мен ел қор­ғауда сүйенетін ең басты негіз – ұлттың әдет-ғұрпы мен өмір сүру ерекшелігі топтастырылған заңдар жиынтығы екенін айтқан. Ендеше, қоғамдық және жеке құндылықтар жүйесін жаңғырту ісін әуелі Заңды құрметтеуден бастаған дұрыс. Сонда ғана барлық салада түбегейлі өзгеріс жасай аламыз.

Баршаңызды Конституция күні мерекесімен құттықтап, отбасы­ларыңызға бақ-береке, ырыс-несі­бе, жұмыстарыңызға сәттілік тілей­мін!

Құрметпен,
Мұрат ЕРГЕШБАЕВ,
Сырдария ауданының әкімі
30 тамыз 2022 ж. 319 0