260 оқушыға демеушілер көмек көрсетті

Мемлекеттік мекемелер, шағын және орта кәсіп иелері, жауапкершілігі шектеулі серіктестер және демеушілер көмегімен балаларға оқуға ең қажетті – мектеп формасы мен оқу құралдары берілуде. Ең бастысы, халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарындағы балаларды мектепке дайындауға ерекше көңіл бөлінді.
Бүгінде «Мектепке жол» акциясы жалғасуда. Барлық білім беру мекемелерінде балаларды тіркеу, есепке алу шаралары ұйымдастырылуда. Бүгінгі күнге дейін бөлімнің сенім телефонына 200-ден астам ата-ана тарапынан «Мектепке жол» акциясы жөнінде түсіндірме беру жөнінде хабарлама түсті.
Айта кетейік, аталған акцияға облыстық мәслихат депутаттары, белгілі кәсіпкерлер Р.Есенов пен Ж.Нұрымбетов, «Қызылдихан», «Ақжарма и К», «Бесарық» «Сейфуллин Жер» шаруа қожалықтары мен «Шаған жер» ЖШС-гі белсенділік танытып, үлес қосуда.
Алдағы уақытта «Абзал и К» толық серіктестігі – 20 балаға ата-ананың тапсырысы бойынша мектеп формасын тіктіріп беруді, «Мағжан и К» ЖШС-гі 20 баланы оқу құралдарымен қамтамасыз етуді жоспарлауда.
Сырдария аудандық білім бөлімі