Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Батырлар ауылындағы кездесу

Батырлар ауылындағы кездесу

Сырдария ауданы Нағи Ілиясов ауылында облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязов пен аудан әкімі Мұрат Ергешбаев, Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев шаруашылық төрағаларымен кездесті.

Кездесу барысында егін шаруашылығы мен күзгі егін жинау науқанына дайындық барысы талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары Серік Салауатұлы шаруалардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлы аудан көлемінде ауыл шаруашылығы саласы бойынша атқарылып жатқан бір қатар жұмыстарды атап көрсетіп, 2022 жылы барлығы 33,1 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылғанын, негізгі дақыл күріштің көлемі 20 728 гектар екенін айтты. Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұрғындар өзін-өзі қамти алатын әлеуметтік маңызы бар бақша өнімдері мен көкөністерге елді мекендердегі шаруашылық құрылымдары арқылы егіс алқаптарынан қосымша жерлер ашылды. Аудан бойынша 210 гектар жер дайындалып, 840 адам 90 гектарға картоп, 20 гектарға көкөніс, 100 гектарына бақша дақылдары егілгенін жеткізді.

Республика көлеміндегі алдыңғы қатардағы ауылдардың бірі Нағи Ілиясов ауылының тыныс-тіршілігі мен абаттандыру жұмыстарымен танысқан ауыл қонақтары туған ауылының тұғырын биік ұстап отқан Абзал Жұмашұлына ризашылықтарын білдірді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

03 тамыз 2022 ж. 647 0