Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіби мамандарға құрмет

Кәсіби мамандарға құрмет

«14 тамыз – Мемлекеттік кірістер органдарының құрылған күні» мере­кесінде аудан әкімдігінде сала мамандарын аудан әкімінің орынбасары Талғат Нұртазаев арнайы қабылдады. Мерекелік басқосуға Сырдария ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ашраф Жүсіпов, аудандық қаржы бөлімінің басшысы Айнұр Есмағанбетова, сала мамандары қатысты.

Мерекелік қабылдауда аудан әкімінің орынбасары Талғат Нұртазаев са­ла мамандарын кәсіби мерекемен құттықтады.

– Қоғамдағы әлеуметтік тұрақ­тылық, халықтың құқықтық білімін арттыру, бюджетке түсетін салық түсімдерін бақылау – мұның бәрі мем­лекеттік кірістер органдарының басты міндеттері. Сырдария аудан­дық мемлекеттік кірістер орган­дарының қызметкерлері де бұл мақ­сатты орындауға өздері­нің үлес­терін қосуда. Аудан­ның зор же­тіс­тіктерінде, бағындыр­ған белес­те­рінде айқын қолтаңбала­рыңыз бен маңдай терлеріңіз бар. Егемендікті нығайту барысында жемісті еңбек жол­дарыңызды жалғастырып, көп­ке үлгі-өнеге көрсете бересіздер деп сенемін. Мереке жаңа жетістіктер мен шығармашылық сәттіліктер әкел­сін. Еліміздегі экономикалық қа­уіп­сіздікті қамтамасыз ету, елде қабылданған Заң нормаларын мүл­тіксіз орындау, елдің мүдде­сін қор­ғауда атқарып жатқан жұмыста­рыңыз тек алға баса берсін, – деді құттықтау сөзінде аудан әкімінің орынбасары.

Өз кезегінде Сырдария ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ашраф Жүсіпов атқарушы билік өкілдеріне әріптестерінің атынан алғысын жет­кізді.

– Ауданның тыныс-тіршілігіне етене араласқан сала мамандары қашанда еліміз үшін табанды еңбек ете бермек. Қай кезде де экономикалық даму үдерісінде алға қарай жылжу, қызметті ұтымды үлес­тіре білу маңызды рөл ойнайды. Кәсіби біліктілігі жоғары сала мамандары жыл көлемінде жоғары жетістікке қол жеткізіп келеді. Шын мәнінде, жергілікті бюджетке түсімдер мен төлемдерді түсіру үшін Тереңөзек кенті және ауылдық округтердегі салықшылар аянбай еңбек етуде. Әрбір тұлғамен заң аясында пікір алмасып, салық түсім­дерін ұлғайтуда. Сонымен бірге бас­қарманың әрбір қызметкері өзіне жүктелген міндетті абырой­мен ат­қаруда. Кәсіби мерекеде құрмет көр­сетіп жатқан аудан әкімді­гіне алғы­сымды айтамын, – деді басқар­ма­ басшысы.

Жұмысын үздік атқарған сала мамандарына кәсіби мерекеде аудан әкімінің «Алғыс хаты» табыс­тал­ды.


Балтабай Аябекұлы
16 тамыз 2022 ж. 661 0