Аудан әкімі М.Ергешбаев: Әр тұрғынның мәселесі қағаз бетінде қалмауы керек
Кеше аудан әкімі Ергешбаев Мұрат Нәлхожаұлы аудан орталығы Тереңөзек кентінің тұрғындарымен кездесті.
Кездесуге арнайы облыстық мәслихаттың депутаты Р. Есенов, ардагерлер кеңесінің төрағасы М. Келдібаев және тиісті мекеме басшылары қатыстырылды.
Жиын барысында аудан басшысы 2022 жылдың І жартыжылдығы бойынша атқарылған жұмыстарды баяндап, келесі жартыжылдықта атқарылатын міндеттерге тоқталды.
Кездесуге арнайы облыстық мәслихаттың депутаты Р. Есенов, ардагерлер кеңесінің төрағасы М. Келдібаев және тиісті мекеме басшылары қатыстырылды.
Жиын барысында аудан басшысы 2022 жылдың І жартыжылдығы бойынша атқарылған жұмыстарды баяндап, келесі жартыжылдықта атқарылатын міндеттерге тоқталды.
Кенттің әлеуеті жоғары. Бүгінгі күнге газдандыру мәселесі 80 пайызға орындалып отыр. Жыл соңына дейін 100 пайызға жеткізу міндеті қойылды. Газдандыру жобасына енгізілмеген тұрғын үйлердге газ кіргізу жұмыстары толығымен жүргізілді.
Көшелердің жөндеу жұмыстары да аудан бойынша 98 пайызға қанағаттанарлық деңгейді құраған. Биылғы жылға И. Тоқтыбаев көшесін жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Кенттегі ең күрмеулі мәселенің бірі теміржолдың арғы бетіндегі Б. Момышұлы аймағы толығымен 6 көшеге жөндеу жасалады. Алиакбаров көшесінің бойында орналасқан көпқабатты үйлердің ауласы абаттандырылады. Орталық стадион жанынан жастарға арналған стритбол алаңы салынды.
Кездесуде кент тұрғындарының ұсыныс-пікірлері тыңдалып, шешілу жолдарын қарастыруды тапсырды.
Аудан әкіміне айтылған ұсыныстар мен сұрақтардың легіне тоқталатын болсақ:
- Аяқ су мәселесі жыл сайын күрделеніп, азайып келеді. Негізгі дақыл күріш мол суды қажет етеді. Осыған кәсіп тұрін әртараптандыруға ұсыныс енгізілсе.
Жауап: Кәсіпті әртараптандыру үшін қолайлы орта болуы керек. Негізгі кәсібін басқаға ауыстыру өте үлкен тәуекелді қажет етеді. Дегенмен ауданның әлеуеті мол. Қазір суды үнемдеп пайдалану бойынша, яғни, тамшылатып суару, жаңбырлатып суару, арнайы су насостарын пайдалану жолдарын қаратстырып жатырмыз. Кәсіп иелеріне ауылшаруашылығын әртараптандыруға ұсыныстар тұрақты беріліп келеді. Сонымен қатар, қалаға жақын орналасқан аудан болғандықтан азық-түлік белдеуін қалыптастыратын аудан болуға жұмыстар жасалуда.
- Ауданымыздан шығатын өнімдердің және өндіруші кәсіпкерлерді қатыстыра отырып кәсіпкерлер көрмесін өткізу бойынша ұсыныс.
Жауап: Өте жақсы ұсыныс. Бұл ауданның әлеуетін және де бағыт-бағдарын қалыптастырып алуға өте қолайлы шара. Биылғы жылдың қыркүйек айында аудан көлемінде және сыртта қызмет жасаушы кәсіп иелерін қатыстыра отырып кәсіпкерлік көрмесін өткізуі аудандық ауылшаруашлығы бөліміне тапсырылды.
- Жалпы жол жағдайы туралы. Жолдар салынып, көшелер жөнделуде. Кей жағдайда сапасыз болады. Қабылдау кезінде сапаға мән берілсе.
Жауап: Жолдардың сапасына қоғамдық қабылдау жасай аласыздар. Аудандық қоғамдық кеңес және жергілікті жерлердегі қоғамдастық жиындарының мүшелерінен бақылауды жүргізу ұйымдастырылады.
- Кент тұрғындарынан тұрмысы төмен, көп балалы отбасыларға арналған 7,8 разьезден бақшалық жерлер ашылса деген ұсыныс.
Жауап: Бұл ұсынысты қолдау керек. Егемін деген осындай отбасылардың нақты тізімін қоғамдастық кеңес мүшелерімен брлесіп даярлап ұсынылса, сол тізімге сәйкес арнайы бақшалық жер ашылады.
- Толық емес отбасы ретінде 2007 жылы тұрғын үй кезегіне 24-ші болып тұрғанмын. Бүгінгі күнге әлі жылжымай, 24-ші болып тұр. Не себепті кезегім жылжымайды?
Жауап: Жиналыстан кейін тұрғын үй кезегін зерделеп, анықтауды аудан әкімінің аппаратының басшысы Р. Шайхиевке тапсырылды.
Зерделеу қорытындысы: Сұрақ қоюшы азаматша тұрғын үй кезегіне 2007 жылы емес, 2014 жылдың 27 тамызында тіркелген. Аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің 2015 жылғы 21 наурыздағы №22 санындағы тізімге сәйкес 119-шы болса, 2017 жылғы 22 сәуірдегі аталған газеттің №30 санындағы тізімде 112-ші болып тіркелген. Бүгінде тұрғын үй кезегінде 24-ші болып тіркеуде. Заң талаптарында көзделгендей кезектілікке сәйкес тұрғын үй берілетіндігі түсіндірілді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі