Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Құрмет төрінде – көлік қызметкерлері

Құрмет төрінде – көлік қызметкерлері

Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев көлік қызметкерлерінің кәсі­би мерекесіне орай сала арда­гер­лері мен мамандарын қа­былдап, құрмет көрсет­ті. Ме­­­­ре­­ке­лік қабылдауда ау­дан бас­­­­шысы жауапты сала­ның жү­­гін иыққа артқан азамат­тар­дың еңбегі құрмет пен шына­йы алғысқа лайық екенін атап өтті.

– Ел мен елді байланыстырып, алысты жа­қын етіп, береке мен бірлікті ұштастырған кө­лік саласының еліміз үшін маңызы зор. Ке­шегі күні бабаларымыз ат арытып, арбалатып жететін айшылық алыс жолдарды бүгінде көзді ашып-жұмғанша жүріп өтуге мүмкіндік туды. Бұл – көлік саласының, осы салада аянбай қызмет етіп жүрген азаматтарымыздың қажырлы еңбегінің жемісі. Көлік саласы – қашан да экономиканың алға жылжытушы­ күші әрі бірден-бір діңгегі десек, бүгінгі мере­кені аудандағы көлік саласының мамандары толымды жетістіктермен қарсы алып отыр. Ты­ныс-тіршілігіміз үшін маңызды саланы дамы­туға білікті де білімді, іскер де қабілетті маман ретінде Сіздер өзгелерге үлгі-өнеге болып, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық деңгейінің артуына өлшеусіз үлес қосып ке­ле­­сіздер. Сондықтан да Сіздерге қажырлы ең­бектеріңіз үшін шын жүректен шынайы ал­ғысымды білдіре отырып, ауданымыздың дамуына серпіліс беру бағытындағы елеулі істе­ріңіздің жемісі көп болуына тілектеспін, – деген аудан әкімі сала ардагерлеріне арнайы марапаттарды табыстады.

Қабылдау барысында сала ардагерлері Ша­рапат Камалов пен Мырзалы Орынбаев сөз сөйлеп, ұмытылып бара жатқан, жылда елеусіз қалатын көлік қызметкерлерінің кә­сі­­би мерекесінде құрмет көрсетіп, сала арда­герлерінің еңбегін көпшілікке үлгі еткен ау­­дан әкіміне алғыс айтып, әріптестеріне құт­тық­тау­ларын жеткізді. Марапат иелері жұмыс ба­ры­сында кездескен қызықты да қиын сәт­тер туралы естеліктерімен бөлісіп, сала жұмы­сы­ның қыры мен сыры туралы әңгімеледі.

Айта кету керек, биыл өңірдің автомобиль жолдары мен көшелерін, көпір өткелдерін жөн­­деуге барлығы 18,4 млрд теңге қаржы бөліп, ұзындығы 348 шақырым жол желісін жөн­деуден өткізу жоспарға енген. Сол арқылы атқарушы билік сапалы жолдардың үлесін 82 пайызға жеткізуге жұмыс жасауда. Ал аудан­да қазіргі таңда 5 бағыт бойынша жолаушы­лар тасымалы жүзеге асырылуда. Оның ішінде, кентішілік 3 бағыт, А.Тоқмағамбетов ауы­­­лы­на 1 бағыт, Іңкәрдария ауылына 1 бағыт қыз­мет көрсетуде. Бұдан бөлек, Қызылорда–Терең­өзек және кентішілік бағытта такси қыз­меті тұр­ғындарға қызмет көрсетуде.



А. ҚОШҚАРБАЕВ
09 тамыз 2022 ж. 738 0