Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 75 газет

04 қазан 2025 ж.

№ 74 газет

30 қыркүйек 2025 ж.

№ 73 газет

27 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Мәнерлеп сырғанаудан республикалық турнир өтуде

Мәнерлеп сырғанаудан республикалық турнир өтуде

«Мұз айдыны» спорт кешенінде мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаеваның жүлдесіне арналған республикалық турнир жалауын көтерді. Алтыншы жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан спорт додасының ашылу салтанатына қала әкімі Асылбек Шаменов қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі.

— Элизабет Тұрсынбаева – әлемдік спорт сахнасында өзіндік орны бар мәнерлеп сырғанаушы, Қазақстан спортының тарихында осы спорт түрінен қыздар арасында Әлем чемпионатында жүлде алған және рекорд орнатқан алғашқы спортшы. Ел мақтанышының жүлдесіне арналған шара өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелейді. Жас өрендерімізді салауатты өмір салтына ынталандырады. Жарыстың әрбір қатысушысына спорттық көңіл-күй, күш-қуат, жеңіске деген жігер тілеймін, — деді қала әкімі.

Республикалық турнирге қатысуға Ресей мен Қырғызстаннан және еліміздің барлық өңірінен 200-ге жуық спортшы келді. Дүбірлі сайыс 10 мамырда қорытындыланады.

09 мамыр 2022 ж. 559 0